14 Қыркүйек, 2013

Төрт үйге от қойған кім екен?

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

сеноҚоңырқай қазақы ауылдың күн көрісі өріске шы­ғарар малдың аузында екені белгілі. Ерейментаудағы Еркіншілік ауылы ежелден атакәсіпті ардақ тұтқан жандар. Бірақ, малым жанымның ғана емес, арымның садағасы деген қағидат қатты ұсталушы еді. Таяуда атадан мұра дәстүрге оңбай сызат түскендей күй кешті ауыл.

 

сено

Қоңырқай қазақы ауылдың күн көрісі өріске шы­ғарар малдың аузында екені белгілі. Ерейментаудағы Еркіншілік ауылы ежелден атакәсіпті ардақ тұтқан жандар. Бірақ, малым жанымның ғана емес, арымның садағасы деген қағидат қатты ұсталушы еді. Таяуда атадан мұра дәстүрге оңбай сызат түскендей күй кешті ауыл.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі хабар осындағы К.Маркс көшесіндегі 55-үйдің 1-пәтерінде тұратын Баят Серікболаттың ауласындағы қысқа дайындаған шөбі отқа оранғанын айтады. Аудан орталығындағы №10 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері 57 шақырымды артқа тастап жеткенше жинаған азықтың басым бөлігі жанып кеткен. Әупірімдеп 5 тоннасын аман алып қалыпты.

Арада тура екі сағат өткенде сол үйдің екінші қапталындағы Қалиакпар Арыстанның маясы жалынға оранған. Өрт 24 тонна шөпті көзді ашып-жұмғанша жалмап үлгерген. Өрт сөндірушілер ауданнан техникасын қайтадан салдырлатып жеткенше осы болды.

Осы өрт сөндірушілер сол күні Еркіншіліктен кетпей-ақ қоюы керек екен. Беті аулақ, мұны амалсыздан айтып отырмыз. Сол күні кеште Новая көшесіндегі Мырзақұл Аңсағанның 18 тонна шөбі жанып кетті.

Әбден абдыраған ауыл тұрғындары пәлекет осымен біткен шығар деуге де шамасы келмейтіндей уақытта тосын оқиға тағы қайталанғанын қайтерсіз. Араға жарты сағат салып Киров көшесіндегі 15-үйдің иесі Светлана Сарбэнің ауласынан қызыл шоқ кө­рінген. Бұл жолы анау-мынау емес, 25 тонна шөп жа­нып кетті.

Мұндай сұмдықты Еркіншілік ауылы көрмеп еді. Құқық қорғау органдары бұны әлдекімдердің қасақана жасаған қысастығы деп отыр.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Ерейментау ауданы,

Еркіншілік ауылы.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55