14 Қыркүйек, 2013

«Протоннан» тағы техникалық ақау шықты

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

протон-1Қыркүйекте ұшуы қайта жалғастырылатын болып шешілген «Протон-М» зымыран-тасығышының ғарышқа сапары техникалық себептермен кейінге қалдырылды. Мұны «Роскосмос» ғарыш агенттігі зымыран-тасығыштың ақаулығына байланысты деп отыр.

«Ұшырылу уақыты кейін анықталатын болады», деді кеше Байқоңыр аумағында «Протон-М» зымыран-тасығышының құлауынан болған экологиялық салдарды жою іс-шараларын бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысында агенттік басшысының орынбасары Сергей Савельев.

«Бүгінгі кеңестің нәтижесін басшылыққа жеткіземін. Біз «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыруды кейінге қалдыру мәселесін қарастырамыз», – деді ол осы жиында. С.Савельев сонымен қатар алдағы уақытта осындай төтенше жағдай орын алмау үшін барлық шаралар жасалатынын айтты.

Ал Қазақстан бұдан бұрын «Роскосмостан» зымыран-тасығышты ұшыруды кейінге қалдыруды өтінген болатын. Қазіргі ахуалға қарағанда, ендігі ұшырылым кем дегенде тағы екі аптаға әрі созылуы мүмкін. Сондықтан мамандар оның қыркүйектің соңында немесе қазанның басында қолға алынып қалатынын айтып отыр.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар