Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Jýsan Bank мезеттік карталар шығарылымын бастады

141 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Jýsan Bank-тің баспасөз қызметі Jýsan мобильді қосымшасында рәсімдегеннен кейін төлемдер үшін, сондай-ақ 42500 теңге әлеуметтік төлемін алу үшін пайдалануға болатын Jýsan Payмезеттік карталар шығарылымын бастағаны туралы хабар таратты.

Jýsan Bank мезеттік карталар шығарылымын бастады

Картаны шығарғаннан кейін клиент ТЖ режимінің енгізілуі нәтижесінде табысынан айырылғандарға өтемақы төлеуде 42500 теңге мөлшерде  әлеуметтік төлемді ресімдеу үшін қажет болатын IBAN шот нөмірін қамтитын SMS-хабарлама алады.

«Бұдан бұрын Jýsan Bank қатаң карантин шаралары қолданылып жатқан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін карталарды курьермен жеткізу қызметін іске қосқан болатын. Енді Қазақстанның кез келген қаласының тұрғындарының лезде шығарылатын Jýsan Pay картасын мобильді қосымшасы арқылы онлайн ашу және жәрдемақылар алу мен басқа төлемдер жасау үшін жылдам пайдалану мүмкіндігі бар», – деп атап өтті Jýsan Bank басқарушы директоры Лариса Белова.

Оған қоса, ашқаннан кейін Jýsan Pay картасын Apple Pay немесе Samsung Pay байланыссыз төлем сервистеріне қосуға және смартфон немесе ақылды сағаттар көмегімен төлемдер жасауға болады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының тұрғындары көрсетілген мекен-жай бойынша JýsanPay пластик картасының тегін жеткізілімін ресімдей алады. Қалған қалалар мен өңірлерде Jýsan Bank-тің кез келген бөлімшесіне хабарласып, мезеттік картаның пластигін шығаруға болады.

Карталарды жеткізу жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қауіпсіз жеткізілімді жүзеге асыру үшін курьерлер барлық қажетті жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған.

Jýsan Pay мезеттік мультивалюталық картасына Jýsan мобильді қосымшасында тапсырыс беруге болады. Банк, сонымен қатар, картаға бір жылдық тегін қызмет көрсету, Jýsan Bank  банкоматтарында қолма-қол ақшаны тегін алу және Қазақстан бойынша кез келген басқа банкоматтан айына 300 мың теңгеге дейін ақша алу қызметін ұсынады. Оған қоса, қолма-қол ақшасыз төлем жасау кезінде 2%-ға дейін кэшбэк алуға болады.