14 Қыркүйек, 2013

Шарайна

320 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

шарайна--1Сирияда қазіргі күндері сақталып тұрған химиялық қарудың барлық арсеналын түгел жойып жіберуге шама жетеді. Бірақ ол көп уақытты және біраз қаржыны керек етеді. Париждегі стратегиялық зерттеу­лер қорының сарапшысы Оливье Лепик осылай деді.

шарайна--1

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫ ЖОЮҒА УАҚЫТ КЕРЕК

Сирияда қазіргі күндері сақталып тұрған химиялық қарудың барлық арсеналын түгел жойып жіберуге шама жетеді. Бірақ ол көп уақытты және біраз қаржыны керек етеді. Париждегі стратегиялық зерттеу­лер қорының сарапшысы Оливье Лепик осылай деді.  

«Ресейдің осыған байланысты ұсынып отырған жоспарын әбден жүзеге асыруға болады. Алайда, ол өте көп уақытты алып кетеді. Бәрін сараптай келгенде, қолда бар химиялық қарулардың тізімін жасап, оларды бақылауға алу мен біржола құртып жіберуге бірнеше жыл жұмсалады», – деді ол. Сарапшы осыған орай кезінде ұлы державалар – Ресейдің 40 мың тонналық, АҚШ-тың 30 мың тонналық көлемдегі химиялық қару-жарақты жою жөніндегі бағдарламасын мысалға келтірді. «Бұл елдер өздерінің химиялық арсеналдарын жою­ды өткен ғасырдың 90-шы жылдарында бастады. Сол үдеріс әлі жалғасып келе жатыр», – дегенді білдірді сарапшы.

ЕГИПЕТТЕ ҚАЙТАДАН ЕРЕУІЛ БАСТАЛДЫ

Египеттің тәртіп сақшылары кеше Нілдің солтүстігіндегі арнасы бойына орналасқан Әл-Махалла қаласында ереуілге шыққандарға көзден жас ағызатын газ қолданды. Дәстүрлі жұма намазынан кейін орын алған бұл жолғы қақтығысқа «Мұсылман бауырлар» жақтаушылары мен үкіметті қолдаушы белсенділер қатысты.

Осы күні сондай-ақ Мысырдың Думьят және Александрия қалаларында да тәртіпсіздіктердің орын алғаны аян болды. Ал Үлкен Каирдегі Гиза мен Мадинат-Насрдың исламистері жаңа шеруді бастап кетті. Қауіпсіздік күштері осыған орай таң азаннан астананың Тахрир, Рамзес және Рабаа-эль-Адаия алаңдарына баратын жолдарды жауып тастады. Жұма күні Египеттің уақытша президенті Адли Мансур елде екі айға коменданттық сағат жария­лады.

шарайна--2ЛУКАШЕНКОҒА БЕЙБІТШІЛІКТІҢ ПАРОДИЯЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ

Беларусь президенті Александр Лукашенко Шнобельдің пародиялық бейбітшілік сыйлығына лайықты деп танылды. Оған бұл тарту-таралғы «көпшіліктің қол соғуына тыйым салғаны, сондай-ақ белорус полициясының жалғыз қолды адамды осыған орай қамауға алғаны үшін» тағайындалған.

Өткен жылы Шнобель бейбітшілік сыйлығын ресейлік инженер Игорь Петров жарылғыш заттарды алмасқа айналдырып жіберу әдісін ойлап тапқаны үшін алған еді. Ал 2011 жылы оған қала көшелеріне дұрыс қойылмаған көліктерді бронетранспортердің көмегімен күресуге көшкен Вильнюс қаласының мэрі Артурас Зуокас «қол жеткізіпті». Жалпы, Шнобель бейбітшілік сыйлығы деген 1991 жылы белгіленген екен. Ол «алдымен жұртты күлкіге шақыратын, соңынан ойландыратын» ғылыми жетістіктер ойлап тапқан адамдарға тапсырылады.

ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ ЗАҚЫМДАЛДЫ

Польшаның Легница қаласында қарулас кеңес-поляк әскерлерінің ескерткіштері бүліншілікке ұшырады. Бұл туралы жергілікті полицияның баспасөз хатшысы Масоич ИТАР-ТАСС тілшісіне хабарлады.

«Түнде әлдекімдер ескерткішті бүлдіріп кетіпті. Оның бетінде екі қызыл дақ қалыпты», деді ол. «Біз қолдан келгенінше қаскөйді тауып, қамауға алуға тырысамыз», дегенді қосты полиция өкілі. Масоичтің сөзіне қарағанда, бұл оқиғадан бөлек, бірнеше минут бұрын қаланың орталығында «Бүкілполяк жастары» ұйымы мүшелерінің шеруі болып өткен екен. Оған қатысушы жастар қолдарына жалаулар мен транспаранттар алып шығып, Ресей-Польша соғыс ардагерлерінің кездесуі мен қазіргі Легница тұрғындарының кеңес әскерлерінің бұл қаладан шығарылғанына 20 жыл толуын атап өтуіне қарсылық білдірген көрінеді.  

шарайна--3ТӨРТЗОРЛЫҚШЫӨЛІМЖАЗАСЫНАКЕСІЛДІ

Үндістан астанасында студент қызды зорлап, өлтірген төрт қаныпезер өлім жазасын алды. Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған еді. Осы күні медицина институтының 3-курс студенті Джоти Сингх топтық зорлаудың құрбанына айналған-тын.

Сот процесі барысында Винай Шарма, Акшай Тхакур, Паван Гупта және Мукеш Сингх есімді бұзақылар өздерінің қыз зорлау мен өл тіруге қатыстары бар екендерін мойындаған. Қылмысқа барлығы 6 адам қатысқан болып шықты. Айыпталушылардың бірі – Рам Сингх өзіне өзі абақтыда қол салды. Ал кәмелеттік жасқа толмаған алтыншы қатысушы (оның аты-жөні жарияланбай отыр) барынша жоғары жазаны – үш жыл түзеу колониясына отыруға кесілді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар