Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Алматы әкімі мұсылман қауымын қасиетті аймен құттықтады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Алматы әкімі мұсылман қауымын қасиетті аймен құттықтады

Барша мұсылмандарды мың айдан да қайырлы болған қасиетті Рамазан айымен құттықтаған әкім, алматылықтарды  қатерлі індетке байланысты барлық салт-дәстүрлерді, ауызашарды үйде отбасымен өткізуге шақырды. 

«Қаланың барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – ораза тұтып, намазға жығылып, рухани тазарып, жетілетін уақыт. Биыл індетке байланысты барлық салт-дәстүрімізді, ауызашарды үйде отбасыменөткізуге шақырамын. Баршаңызға амандық тіледім, – деп жазды Сағынтаев.