2013 жылғы 22 шілде Астана қаласы
Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
2013 жылғы 22 шілде Астана қаласы
Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Әлеуметтік көмек департаменті (А.О.Табергенова):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м бұйрығымен бекітілген
Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның жергілікті атқарушы орган;
2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
3. Комиссия республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
5. Комиссияның қызметін бақылауды республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
10. Республика