Қоғам • 24 Сәуір, 2020

500 млн теңге көлеміндегі айыппұл мен төлемнен босатылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдарымен байланысты айыппұлдар, алымдар мен төлемдерді  алып тастағанын хабарлайды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының сайтында жарияланды.

500 млн теңге көлеміндегі айыппұл мен төлемнен босатылды

Атап айтқанда, шілденің 1-не дейін жүк тасымалдау жоспары бойынша тапсырысты орындамауға арналған айыппұл, 48 сағаттан астам уақыт тұрып қалған жүкті сақтауға 10 есе мөлшердегі алым, вагондар мен контейнерлерді пайдалануға арналған төлем, сол секілді маневрлі локомотивтің қозғалысына байланысты алым салу тоқтатылды. Сондай-ақ «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 77-бабында көрсетілген жүк тасымалдау жоспары бойынша тапсырысты орындамау үшін айыппұл салу шектеледі. Бұл орайда Ұлттық палата айыппұлдарға ұшыраған кәсіпкерлік субъектілерінің өтініші бойынша ҚТЖ басшылығымен бірнеше келіссөздер жүргізді. Тұтастай алғанда, жүк жөнелтушілер 500 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдар мен төлемдерден босатылады.