Білім • 24 Сәуір, 2020

ҰБТ-ға қатысу өтініштері онлайн қабылданып жатыр

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Өтінішті онлайн тәртібінде толтыру білім беру жүйесін қағазбастылықтан арылтуға жәрдемдеспек. 

ҰБТ-ға қатысу өтініштері онлайн қабылданып жатыр

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. 

Айта кеткен жөн, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері береді.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді.

Cондай-ақ, [email protected] қолдау қызметі арқылы хат жолдауға болады», деп жазды министрлік.