Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Елімізде жүк тасымалы ұлғайған

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде биыл жыл басынан бері автомобиль көлігімен 5,3 млн жолаушы және 675,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы жауапты ведомства өкілдері хабарлады.

Елімізде жүк тасымалы ұлғайған

Ал халықаралық қатынаста 2,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде: экспорт – 640 мың тонна, импорт - 1,7 млн тоннаны құраған. Сонымен қатар, 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданыпты.

Қазіргі уақытта автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңдай кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. 1 мыңдай кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Мәлім болғандай, олардың 17,5 мыңнан астам автокөлігі бар.