
Қарағандыдан аты аңызға айналған боксшы, әлемнің екі дүркін, Олимпиаданың бір мәрте чемпионы Серік Сәпиевтің тағы бір ізбасары шықты.
Украинаның астанасы – Киев қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазір ғана 57 килоға дейінгі салмақтағы қарағандылық Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды.
Біздің оғлан финалда ресейлік Гусейн Магомедовпен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Есеп - 30:27, 30:27, 29:28.
Қуан, Қазақстан, мақтан, Қарағанды!
Дамир Қожамқұл.
