Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Қаржылық технологияның соңғы мүмкіндігіне қол жеткізген банкті клиент өзі табады

159 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Интернет–сервиздің кез келген түрі енді біздің қазақстандықтар үшін де қол жетімді. Кез-келген банктің тұтынушысы енді интернет-сервистің барлық қызметін пайдалана алады. Бұл  туралы,  кеше, Алматыда  өткен  РФ, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның банк,  қаржылық –технология компания өкілдері қатысқан  онлайн жиында айтылды.

Қаржылық технологияның соңғы мүмкіндігіне қол жеткізген банкті клиент өзі табады

Жиын барысында Ресейден келген  қаржы технологтары  қазақстандық банктер «Open Api» технологиясын қолдануды кешіктіріп жатқанын  тілге тиек еткен еді.  «Open Api» технологиясы банктерге  технологияның соңғы мүмкіндіктерінің генераторы деп қабылданады екен.  «Қазір Ресейде банктер арасындағы бәсеке клиент үшін емес, технологиялық көшбасшылық үшін жүріп жатыр. Қаржылық технологияның соңғы мүмкіндігін қол жеткізген банкті клиент өзі іздеп, табады »  дейді ресейлік  «Intervale Russia»   қаржылық технология компаниясы өкілі Виталий Щидковский. 

Ресейлік технолог 2018 жылдан бері электронды коммерция нарығы 2 есе өскенін айтты. Тіпті трансшекаралық  электронды сауда 37 пайызға өсіпті. Мұның бәрі банктер мен қаржылық технология компания өкілдері арасындағы ауызбіршіліктің нәтижесі екен. «Қазір Ресейде 200 ден астам банк бар. Ресей банктердің филиалдары  Орталық Азия  елдерінің бәрінде бар. Олардың  «commerce» трансшекаралық нарығындағы көшбасшы болуы мүмкіндігі жоғары. Қырғызстанда электонды сауда нарығы тіпті нөлдік деңгейде тұрғанын қырғызстандық әріптестерімізден білдік. Тіпті Алматы мен Бішкек арасында тіпті мобильді байланыс нашар   екенін білдік. Қырғызстандағы электронды сауда сегменті біздің қаперімізге алып жүретін нарық екен», –деп атап өтті ресейлік өкіл Виталий Щидковский. 

Қазақстандық спикер Константин Горажанкин қазақстандық банктердің бәрінің бірдей электронды сауда нарығындағы мүмкіндігінің жоғары екенін айтты. Спикер «OpenAPI»  технологиясы банктерге де, клиенттерге де тиімді екенін  айтты. Бұл, бірінші кезекте клиенттер үшін тиімді екен.  Себебі қолында бір ғана банктің   карточкасы бар клиент тек сол банктің ғана интернет –банкингін қолданып келді.   «Ұлттық банктің міндеті клиенттерге барлық интернет банкингтерді қолдану мүмкіндігін қалыптастыру. Олар қазақстандық қаржы институттарының барлық платформаларымен жұмыс істеу керек.  Бұл қаржылық –технологиялық жобалардың өсуіне жол ашады. Бұл мобильді  банктің мүмкіндігін арттырады» дейді   Константин Горажанкин.

Спикер қазақстандық банктердің «e-commerce»  нарығында банктердің  қол қусырып қарап отырмағанын,  бұған «Kaspi Red» банкті  мысал екенін  дәлелдермен айтып берді.  «Kaspi Red»  әрекет банктердің «е-commerce» нарығымен интеграциялануын тездетті.  «Казком» «Homeshop» электронды сауда желісін іске қосты. Банктер арасындағы негізгі бәсеке технология үшін жүріп жатыр. Жыл басында біраз банктер диджитализациялауға көшеміз деген еді. Бұл қымбат  технология. Екінің бірі қабылдауға шамасы жетпейді. «Кaspiден» соң  «Казком»  және бірнеше банк «маркетплейс» ашуға дайындалып жатқаны жиын барысында белгілі болды. 

«Маркетплейс» тек электронды  тауарлар ғана емес, автокөлік доңғалағы, сағаттар және үй тұрмысына қажетті тауар ларды  электронды коммерция нарығына шығаруға дайын отыр.

Қазақстандық спикер  Константин  Горожанкин  электронды коммерция  нарығы дұрыс  қолданылмаған банк транзакциясынан дами алмай алмай   отырғанын айтты. Транзакцияның дұрыл  орындалмауы «Банк Хоум Кредит»,  «Халық Банк»  және  «Altyn Bank » жағынан көп орын алады екен.

«Бұл банктер транзакция жағына көбірек көңіл бөлсе, интернет бизнестің жұмысы алға жылжиды », – дейді  Константин  Горожанкин.

Қазақстанда  интернет-дүкендердің дамуына логистика мәселесі, жердің шалғайлығы   аздап қол­бай­­лау болғаны шындық. 

Конс­тан­тин Горожанкин еліміз­дің элек­тронды коммерция нары­ғы­ның ойыншыларына орталыққа шоғырлана бермей,  көрші елдерге –оңтүстік арқылы   Өзбекстан мен Қырғызстанға, Қытайға,  солтүстік   облыстар арқылы Ресейге   шығуға  мүмкіндік бар екенін айтады.
Қазақ­стан­дық интернет-бизнес және электронды коммерция қауым­дас­тығы жыл сайын интернетте өтетін «Кибержұма» жаппай саты­лы­мында бізге са­тып алушылардың 55 пайызы Алматыдан екенін көрсетіп берді. Енді сатып алушылардың картасын жан –жаққа үлкейту керек.  Астанада бұл көр­сет­кіш  17 пайыз. Үшінші орында қа­­­­­ра­­ғандылықтар – 11 пайыз, шымкенттіктердің үлесі 7, 9 пайыз.

Конс­тан­тин Горожанкин қазақстандық банктер шетелдік технологияны қолдануға дайындықтың соңғы кезеңінде екенін  айтып өтті.   Конс­тан­тин Горожанкин, осы тұста «менің  үйім шетте орналасқан »  деген тәсілдің күні өткенін айтады.  Ресей мен  АҚШ ғана емес,  АҚШ –Қытай және Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда соғысының салқыны бізге де сезіліп жатыр.   

«Электронды сауда нарығына санкциялардың да, әлемдік катаклизмнің де әсері  бар. Сондықтан дипломаттарымыз бен саясаттанушыларымыз тезірек бір келісімге келуін тілейміз. Ресей рублі мен теңгеміздің бағасындағы өзгерістерді қазақстандықтар «мини девальвация» деп баға беріп жатыр. Бірер айдан бері  тұтынушылардың  белсенділігі төмендеп кетті. Әзірге тоқтамды пікір айта алмаймын, соңын күтейік» –  деп сөзін  қорытты  Конс­тан­тин Горожанкин.

 

АЛМАТЫ