15 Қыркүйек, 2013

Белгілі жазушы Дүкенбай Досжан өмірден өтті

1890 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дукенбай Досжан

Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты, Түркістан қаласы мен бірнеше ауданның құрметті азаматы Дүкенбай Досжан өмірден өтті.

Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Құланшы ауылында туған. Еңбек жолын 1964 жылы ҚазМУ-ды бітіргеннен кейін Алматы облыстық «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет етуден бастады. Ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында аға редактор,Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болды.

Дүкенбай Досжан қазақ әдебиетінің тарихында 23 жасында «Жусан мен гүлдер» атты роман жазып, баспадан шығарған аса талантты қаламгер ретінде қалды. Содан бері оның қуатты қаламынан 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме туды.

Қаламгер 1996 жылы «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын, 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алды. 

Дүкенбай Досжан соңғы жылдары барынша өнікті жазып жүрген жазушыларымызды бірі еді. Ол қазіргі заманғы әлемдік проза үлгісімен қалам тарта бастаған да санаулы туындыгерлеріміздің бірі болды.

Біз арғы-бергі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі болып табылатын белгілі жазушының отбасына осы оқиғаға байланысты қайғырып, көңіл айтамыз.

«Егемен-ақпарат».

 

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53