
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мамандардың Сириядағы химиялық қару жөніндегі баяндамасын алды және бүгін оны БҰҰ қауіпсіздік одағына ұсынады. Бұл туралы бүкіләлемдік ұйымның баспасөз қызметі берген ақпарға сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.
Тамыз айында мамандар комиссиясы болжам бойынша химиялық қару қолданылған Дамаск түбіндегі Гута ауданында зерттеу жүргізген болатын. Олардың баяндамасы бұл ақпарды растап немесе жоққа шығаруы тиіс.
«Сирия мемлекетінде химиялық қарудың қолданылуын анықтайтын БҰҰ жүргізген іс-шараның баяндамасы бас хатшыға тапсырылды», – деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметі.
Бүгін кешке бас хатшы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде зерттеудің нәтижелері жөнінде журналистерге мәлімдейтін болады.
Баяндама мәтіні БҰҰ сайтында жарияланады.
Айдар Өрісбаев.