Қоғам • 25 Сәуір, 2020

Ғылым комитетіне жаңа кадр келді

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. 

Ғылым комитетіне жаңа кадр келді

Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып Кеңесов Болат Нұрланұлы тағайындалды. Осыған дейін ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-химиялық талдау және зерттеу орталығының директоры қазметін атқарды.

Комитет төрағасының жаңа орынбасары – Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Болат Нұрланұлы 2007 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, оған 2012 жылы қауымдастырылған профессор (доцент), ал 2017 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Wageningen University (Нидерланд), Iowa State University (АҚШ), University of Barcelona (Испания) және Gdansk University of Technology (Польша) сынды шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өткен.

Болат Кеңесов – 100-ден аса ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде беделді халықаралық ғылыми журналдарда 26 мақаласы жарық көрген. Олардың 13-і бірінші квартиль қатарындағы беделді басылымдарда жарияланған. Хирш индексі бойынша көрсеткіштері – 11 (Web of Science) және 13 (Scopus).

Болат Нұрланұлының жетекшілігімен 1 кандидаттық және 5 Ph.D диссертациялары қорғалды. Ол – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2014 ж.),  Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) белді мүшесі.