«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлағандай, 25 сәуір күні болған алғашқы жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Тербелістің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы – 4,5. Табиғаттың тосын мінезі Алматы қаласында 2 балдық деңгейде сезілген.
Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 426 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағына жақын маңда орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы – 4,9. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.