827 жүк көлігінің шамадан тыс жүкпен жүріп өтуіне тосқауыл қойылыпты. Аталған жағдайларға байланысты заң талаптарын бұзғандарға 198 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
«Сонымен қатар, аталған кезеңде 46 шаруашылық субъектісі тексеріліп, 34 заң бұзушылық анықталды және 30 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. Көлік жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2382 әкімшілік материал ресімделіп, 29 млн 245 мың теңге сомасында айыппұл өндірілді. Бұл шаралар жалпы тасымалдау (жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау) қауіпсіздігіне оң әсер етіп отыр»,- дейді Көлік комитетінің ресми өкілдері.