17 Қыркүйек, 2013

Шымкенттің шырайын шағын кәсіпкерлік кіргізеді

330 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды.

Ортасынан өзен басталатын қала

Әрине, жасыл-желегінің молдығынан көшесіне күннің көзі көп түспейтін Шымкент қаласының жыл сайын шырайы ашылып, заманға сай сұлуланып келе жатқаны анық. Қарап тұрсаңыз, Шымқаланың географиялық орналасуының өзі ерекше. Әйгілі Ұлы Жібек жолының бойында көлденең жатыр. Кейбір тарихи деректерде қала атауының түпкі мағынасы «Бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» дегенді білдіреді деп түсініктемелер берілген. Міне, арада мыңдаған жылдар, бірнеше ғасырлар өтсе де шыбық шаншысаң шынар өсетін Шымкент атына заты сай әлі жасыл қала күйін сақтап отыр. Бүгінде шаһардың тынысын кеңейтіп, сұлу көркіне сән беріп отырған қаладағы дендробақ, Тәуелсіздік саябағы, Абай, Орталық, Жеңіс саябақтары халықтың сүйікті орындарына айналғалы қашан. Білесіз бе, әлемде қаланың қақ ортасынан бастау алатын өзендер өте сирек кездеседі. Ал, соның бірі осы Шымкенттің ортасынан құлай аққан Қошқарата өзені.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды.

Ортасынан өзен басталатын қала

Әрине, жасыл-желегінің молдығынан көшесіне күннің көзі көп түспейтін Шымкент қаласының жыл сайын шырайы ашылып, заманға сай сұлуланып келе жатқаны анық. Қарап тұрсаңыз, Шымқаланың географиялық орналасуының өзі ерекше. Әйгілі Ұлы Жібек жолының бойында көлденең жатыр. Кейбір тарихи деректерде қала атауының түпкі мағынасы «Бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» дегенді білдіреді деп түсініктемелер берілген. Міне, арада мыңдаған жылдар, бірнеше ғасырлар өтсе де шыбық шаншысаң шынар өсетін Шымкент атына заты сай әлі жасыл қала күйін сақтап отыр. Бүгінде шаһардың тынысын кеңейтіп, сұлу көркіне сән беріп отырған қаладағы дендробақ, Тәуелсіздік саябағы, Абай, Орталық, Жеңіс саябақтары халықтың сүйікті орындарына айналғалы қашан. Білесіз бе, әлемде қаланың қақ ортасынан бастау алатын өзендер өте сирек кездеседі. Ал, соның бірі осы Шымкенттің ортасынан құлай аққан Қошқарата өзені. Бұл жер астынан шығып жатқан бұлақ суы, табиғаттың үлкен сыйы. Егер осы өзен шөп-шаламға булықпай, еркiмен ағатын болса, Шымкент қаласының ылғалдылығын сақтап қана қоймай, 600 гектарға жуық жердi суландыруға мүмкіндігі бар екен.

Әйтсе де қазір заман басқа, тәуелсіз еліміздің қалаларына да жаңа заманға сай келбет, ажар керек. Жасыратыны жоқ, Шымкент қаласының бас жоспары, қазіргі әкімдік орналасқан ғимараттардың жобасы сонау 1953 жылдары жасалып, құрылысы 1960 жылдары аяқталған екен. «Елу жылда – ел жаңа» деген, міне, одан бері елу жылдан астам уақыт өтті. Ендеше Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің үшінші қаласы деп баға берген Шымкент шаһарының жаңа келбетін жасайтын уақыт келді. Бұл – бір айдың немесе бір жылдың ішінде аяқталатын тірлік емес, кешенді әрі стратегиялық мақсатты жұмыс. Міне, қаланың бас жоспары бекітілген былтырғы жылдан бері Шымкенттің төрінде үлкен құрылыстар басталып та кетті. Ол бойынша облыс орталығы негізінен қаланың солтүстік-батыс жағында дамитыны, жаңа құрылыстардың дені осы бөлікте салынатыны белгілі болды. Елба­сы Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы сапарын осы жаңадан салынып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығының құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады.

Жаңа алаңның жаңалықтары көп

Қазіргі таңда, осы аумақта аталған жобаға сәйкес бес нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстық әкімдік ғимараты кіреберіс алаңы мен ғылыми-әмбебап кітапхана, орыс драма театры, облыстық конгресс-холл және халықтық шаруашылық жетістіктер көрмесі. Жобаланған аумақтың архитектуралық-жоспарлау ше­ші­мі қаланың осы ауданында бірқатар қоғамдық ғимараттар мен оқу кешендерін орналастыра отырып ірі сәулет ансамбльдерін құру қажеттілігінен туындап отыр. Мұнда орталық алаң мен әкімдіктің ғимараты, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі басқармаларының кешені, жаяу жүргіншілер гүлзары салынатын болады. Ұсынылған композициялық әдістер қаланың бас алаңының көлемін оңтайлы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алаң ансамблін облыстық драма театрыны

Соңғы жаңалықтар