
Травматикалық тапанша қорғаныс құралы ма, әлде қауіпті қару ма?
Американың атақты жазушысы Эрнест Хемингуэйдің бір кезде «Прощай, оружие» деген роман жазғаны белгілі. Бұл әйгілі роман қазақ әдебиетінің есігінен «Қош бол, майдан» деген аудармамен енді. Бірақ тағдыр тәлкегі оңай емес екен, сол белгілі қаламгер, Нобель сыйлығының лауреаты өзі «қош» айтқан қаруды өз-өзіне жұмсап, жарық дүниеден озды. Адамзатқа «қарумен (соғыспен) қоштасыңдар» деп тағылым үйреткісі келгенімен, сұры жаман сол суық қарудың алдында ең алдымен өзі әлсіздік танытты. Бұған мысал аз емес, қару ұстады, серілікпен аңшылық құрды және сол суық қару ақыры жанын алып тынды.

Травматикалық тапанша қорғаныс құралы ма, әлде қауіпті қару ма?
Американың атақты жазушысы Эрнест Хемингуэйдің бір кезде «Прощай, оружие» деген роман жазғаны белгілі. Бұл әйгілі роман қазақ әдебиетінің есігінен «Қош бол, майдан» деген аудармамен енді. Бірақ тағдыр тәлкегі оңай емес екен, сол белгілі қаламгер, Нобель сыйлығының лауреаты өзі «қош» айтқан қаруды өз-өзіне жұмсап, жарық дүниеден озды. Адамзатқа «қарумен (соғыспен) қоштасыңдар» деп тағылым үйреткісі келгенімен, сұры жаман сол суық қарудың алдында ең алдымен өзі әлсіздік танытты. Бұған мысал аз емес, қару ұстады, серілікпен аңшылық құрды және сол суық қару ақыры жанын алып тынды.
Тағы бір жазушы, орыстың ұлы суреткері Антон Чехов: «Егер сахна төрінде мылтық ілулі тұрса, спектакльдің соңына дейін ол атылуы тиіс», деген. Демек, қару ойыншық емес. Оның қай түрі де қауіпті. Әсіресе, үйде тұрса, ол міндетті түрде атылады. Ал ақыл-ой иелері – адамдар Алла тағаланың аманаттап берген жанын қал-қадерінше ұзағырақ сақтауға тиіс.
Өркениеті өркендеген бүгінгі АҚШ сонау «жабайы Америка» деген атаққа ие болып тұрған тұста, сол елге нәпақа іздеп шартараптан барған бұзақылар мен байлар мәселені тапанша арқылы шешкен. Тіпті, ол әдет сәнге айналып, серіліктің белгісі санала бастаған. Батыс киностудияларының ежелгі Америка туралы түсірген фильмдерін тамашалап отырсаңыз, басты қаһармандарының жамбастарында тапа-тал түсте салпаңдап револьвер жүреді. Ал ат үстінде отырған үндістердің иықтарынан садақпен бірге мылтықтың ұңғысы да шошайып тұрады. «Бүкірді мола да түзей алмайды», бір түйір қорғасынның кесірінен АҚШ-тың көптеген азаматтары жазықсыздан-жазықсыз, о дүниелік болып жатқанына қарамастан, о жақта қару сату мен қару ұстау әлі күнге дейін сән. Мәселен, жүйкесі жұқарған біреу келеді де мылтығымен (автоматымен) ошарлы отбасын немесе колледж ұстаздары мен оқушыларын қырып салып кете барады. Жаман әдет жұққыш келеді. Қан исі мүңкіген бұл әдет жылымдай жылжып отырып Еуропаға да жетті. Еуропамен еншілес боламыз деп жалпылдап жүрген «жаңа қазақтар» да қазір газбен, резеңкемен атылатын тапаншалармен қал-қадерінше «қаруланып» жатыр. Өйткені, еліміздің орталық қалаларындағы аңшылық дүкендерде мылтықтардың түр-түрі сықып тұр. Автоматын аласың ба, винтовкасын қолай көресің бе, өз еркің. Оқшантайлары да жетерлік. Ешкім саған «қой» демейді. Тиісті мекемелерден «дені сау» деген анықтама қағазың болса болды, ақшасын төле де, алып кете бер.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласында 7 адамды тапа-тал түсте атып өлтірген қанішердің сойқанын ешкім ұмыта қоймаған шығар. Сонда ол да қаланың ортасындағы аңшылар дүкеніне баса-көктеп кіріп барып, дүкендегі бір адамды атып өлтіріп, таңдаған мылтығын алып кете барған болатын. Сол дүкенге мен де барғанмын. Бір апта бұрын. Ойым газ тапаншасын сатып алу еді. Бағыма орай ондай тапанша жоқ болып шықты. Сатушы оның орнына травматикалық тапаншаны көрсетті. «Қасиеттерін» сұрап едім, мені «ойнап тұр» деп ойлады ма, сатушы әйел онша жауап бере қоймады. Сосын бұл дүкенге қайтып келместей ренжіп кеткенмін. Арада бір апта өткенде, о, тоба, жеті азаматтың түбіне жеткен жаңағыдай қанды оқиға тура сол жерде болды. Содан жоламай кеттім.
Қылмыстың «жақсысы» болмайтыны сияқты, қарудың да «жақсысы» болмайды. Ол нысанасын не өлтіреді, не өлімші етеді. Бірде бір танысым тым ерте телефон шалды. Үнінде абыржу бар. Айтуына қарағанда, баласы сол түні мейрамханада туған күнін тойлап отырып, бөтен жігітпен болмайтын нәрсеге бола ренжісіп қалады. Тар жерде бір-бірін иықтарымен қағып өткен бе, бірдеңе. Бірақ анау бұзықтау екен. Қалтасына салып жүрген травматикалық тапаншасын суырып алып танысымның баласын нысанаға ап атып кеп жібереді. Оқ көздің қарашығын ағызып түсіріп, тура сүйекке барып қадалады. Қазір он екіде бір гүлі ашылмаған сол бозбала бір көзінен зағип болып қалды. Көзінің зағиптығын білдірмеу үшін, әрине, жасанды көз салғызып алған. Бірақ ол сау көздей қайдан болсын. Ал оны атқан бұзақы ше? Бір қалада тұрамыз, ол да танысымыздың баласы болып шықты. Әкесі елге белгілі азамат еді, біраз жыл бұрын аурудан қайтыс болып кетті. Әйелі болса, «тірі адам тіршілігін жасайды» деді ме, басқа жар тапты. Баласы әкесі сияқты қаламмен емес, қарумен дос болды. Оның «сабағы», міне, алты жыл абақтыға қамалды. «Қорғаныс құралы» деп дәріптелетін қару екі жігітті де қорғай алмады, қайта өмірлерін өксітті.
Осы тақырыпты ойға алып, жоспарыма енгізген кезде менің травматикалық қарудың қаупі туралы дерек пен дәйектерім тым аз еді, бірақ уақыт өте келе оны қасақана қолдану арқылы адам өлтіру мен өлімші ету деректерінің көбейіп кеткені сонша, қайсысын парықтап, қайсысын пайымдарымды білмей састым. Аңшы мылтығын да оңды-солды атып жүргендер бар екен. Жуырда Жуалы ауданының тұрғыны адам өлтіргені үшін қолға түсті. Ол осы ауданның 27 жастағы жергілікті тұрғынын көкірек тұсынан атқан. Ол өзіне тиген оқтан орталық ауруханада қаза тапты. Күйеу бала мен қайнаға арасындағы қанды оқиға Қарабастау ауылында болған. Қылмыскер өз атына тіркелген ИЖ-27 маркалы 16 калибрлі қосауызын «іске» қосқан.
Мұндай жағдай Кереку маңында да болыпты. Атап айтсақ, Павлодар облысының Тереңкөл ауылындағы жастар арасында төбелес болып, «таяқ жеген» жақтың ағайындары кек қайтару мақсатында «жеңімпаздарды» мейрамханада отырған жерінен тауып, «мәселе шешуге» кіріседі. Бірақ оның соңы атысқа ұласқан. Соның салдарынан 22 және 23 жастағы екі жігіт травматикалық қарудан атылған оқтың зардабынан ауыр жарақат алады. Бірақ жәбірленушілер жағы құқық қорғау орындарына шағымданудан бас тартып, кек қайтаруға келеді де қару қолданғандарды бір топ жігіт болып ұра бастайды. Сол кезде мылтық іске қосылып, төбелескендерді ажыратып жүрген 23 жастағы жігіт көз жұмды. Бұл ұрыс-керісте де травматикалық қару қолданылған. Аяғы не болды? Адам өлтірген қылмыскер 15 жылға кесілсе, 23 жасар жігіт жарық дүниемен қоштасты.
Травматикалық қаруды қорғану емес, қорқыту мақсатында қолданудан Қарағанды облысындағы Майоровка ауылы әкімінің туысқандары да бас тартпапты. Соның салдарынан 20 адам жараланып, біреуі ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Әкім болса сайлауға түскелі отыр екен. Оқиға да сол бәсеке тұсында орын алып, әкімді қолдаған немерелері ауылдастарына үгіт-насихат жүргізудің орнына, автокөлік терезесінен оқ жаудырған. Ал ауыл әкімі өзінің бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтады. Әрине, бұл жерде кімнің кінәлі, кімнің сүттен ақ, судан таза екенін тергеу орындары мен сот үкімі айта жатар, бірақ ақиқаты – ауылда мылтық атылып, көптеген адамдар жарақат алды.
Алматы қаласы да жантүршігерлік оқиғалардың ордасына айналды. Күн сайын еститінің көлік апаты, сосын атып кету, шауып кету... Мысалы, маусым айында Алматыда екі бұзақы мылтықтан оқ жаудырып, 3 адамды жарақаттаған. Олардың қолында аңшылық мылтықпен бірге травматикалық тапанша да болыпты. Оқиға болған жерден «ВАЗ-21144» автокөлігіне мініп тайып тұрғандар қазір іздестірілуде. «Магнум» супермаркетінде де осындай жағдай орын алды. Кешқұрым бір топ жігіт тап есіктің көзінде екі жігітті атып, қашып кеткен. Жедел жәрдем дәрігерлері олардың біреуін аурухана жатқызса, екіншісі ем-домнан бас тартып, оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Оның айтуынша, ол жолдасымен дүкеннен шығып келе жатқан кезде қарсы алдынан бір топ жігіт кездесіп біреуі «міне, мынау солар» деген де қаруын алып, бірнеше рет атып жіберген. Байқап отырсаңыздар, травматикалық қару сатылымға шыққалы бері адам ату «рогаткамен» торғай атудан да оңай боп кеткен сияқты.
Әрине, бұл ауа жайылушылықтың бәрі билік назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Қоғам да оянды. Заң шығарушы органдар да үн қата бастады. Ең бастысы, кеш те болса жастардың қолына қару ұстатуға болмайтынын түсінді. Ішкі істер министрі мен Парламент Мәжілісінің спикері де елімізде травматикалық қаруды сатуға қарсы шықты. Енді тиісті орындар тұрғындардан травматикалық қаруларды жинай бастайтын болады. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, бүгінде ел тұрғындарының қолында 43 мың дана травматикалық қару бар. Бұл өте қауіпті. Мысалы, травматикалы