Әлем • 26 Сәуір, 2020

Ресей мен Жапония қалқан құлақ Чебурашка мен Чебиге таласып қалды

761 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Аңызға айналған Чебурашка екі ел арасындағы түсінбестіктің  себебі болайын деп тұр. Ресейлік аниматорлар Жапония мультипиликаторларының Чебурашканы қайталайтын қалқан құлақ кейіпкерлер туралы жаңа фильмдер шығаруға құқы жоқ деп отыр.

Ресей мен Жапония қалқан құлақ Чебурашка мен Чебиге таласып қалды

«Союзмультфильм» киностудиясының басқарма төрағасы Юлиана Слащева компания жапондық тараптың Чебурашка бейнесін пайдалану құқығынан бас тартуды талап етуге ниетті екенін айтыпты. Мұндай мәлімдеме Жапонияда Чебурашка туралы алғашқы 3D мультфильм таныстырылғаннан кейін айтылды. Жоба авторлары Чебурашканы 3D форматында шығарған.

«Біз келісімнің қазіргі нұсқасын жарамсыз деп санаймыз. Менің ойымша, тағы бір шешім, мемлекеттік және үкіметаралық деңгейге Чебурашка құқығын қайтару мәселесін шешу. Қалай болғанда да, жақын арада біз құқықты қайтару мәселесін байыпты түрде шешуге ниеттіміз», деді Слащеваның сөзін келтірген ТАСС. 

Соңғы жылдары «Союзмультфильм» мультфильмдердің «алтын коллекциясы» деп аталатын әйгілі фильмдерге қатысты   аудиовизуалды құқықтарды қайтару мәселесімен айналысуда. Студия басшылығының айтуынша, осы уақытқа дейін құқықтардың 90 пайыздан астамы қайтарылған. Чебурашка жазушы Эдуард Успенскийдің   «Крокодил Гена  және оның достары» кітабында алғаш рет пайда болды.

Жазушы 2006 жылы «Полезная площадь. Недвижимость» басылымы тілшісімен  кездескен кезде кейіпкері туралы идеяның тууына себеп болған оқиға туралы айтып берген. Достарына қонаққа келген жазушы етегі еденде оратылып жүрген шубаны киіп, сүрініп-қабынып жүрген  кішкентай қызды көреді. Қыз бала шубаның етегіне шалынып, жеті рет құласа да үстіндегісін шешпейді және ешкімнің сүйемелдеуінсіз жығылған жерінен өзі тұрып кетеді.   Әкесі  қызына кейіп: «Ой, опять чебурахнулась!?» дейді.  Кейін сұрастырса, орыс тілінде сирек кездесетін  «чебурахнуться» сөзінің мағынасы, құлап қалса да екі аяғымен тік тұратындарды  чебурашқа деп атаған.  

Эдуард Успенсидің атақты кейіпкері туралы идея осылай пайда болған.  «Чебурашка балалар мен ересектердің нағыз сүйіктісіне айналды. Экранда алғаш рет Чебурашка 1969 жылы «Крокодил ген» анимациялық фильмінде пайда болды. Кейінірек, «Союзмультфильмнің» алтын қоры «Чебурашка» (1971), «Шапокляк» (1974), «Чебурашка» мектепке барады (1983) киноларымен толықты.

Чебурашка Жапонияға қалай сатылды?

2003 жылы Токиодағы халықаралық анимация жәрмеңкесінде SP International жапон компаниясы «Союзмультфильмнен» 2023 жылға дейін Жапонияда Чебурашка туралы мультфильмдер тарату құқығын алды.

Чебурашка Жапонияда пайда болуы нағыз сенсация болды. Кейбір саясаткерлер коммунистік үгіт-насихат деп қабылдап, сынның астына алған деседі.  2010 жылдың мамыр айында Чебурашка туралы мультфильмнің жапондық нұсқасы жарық көрді. Жапон авторлары кейіпкерлердің шытырман оқиғалары туралы жаңа әңгімелер болса да, түпнұсқа фильмнің форматын сақтауға тырысты. Сонымен қатар, 26 үш минуттық эпизодтан тұратын «Чебурашка арере» анимациялық сериясы бар. 

Айта кету керек, жаңа Чебурашка түрлі-түсті сызылған анимациялық серияға айналды. Алғаш рет Жапонияда «Чебурашка және крокодил Гена» мультфильмі 2001 жылы көрсетілгенде 700 мың адам тамашалаған. Осыдан кейін «Чебурашка» деп аталатын ресми сайт пайда болды. Алайда, жапон аниматорларының кейіпкерлері мен  мазмұны Эдуард Успенскийдің түпнұсқасынан алыстатпаған.  

2013 жылы Чебурашка туралы жапон қуыршақ мультфильмін жасаушы Макото Накамура Чеби деп аталатын жаңа фильм шығарды, автор түп-нұсқадан алыстап кетпей, Чеби туралы ел ішіндегі әңгімелермен толықтырған. Бұл фильм  Ресейде көрсетілді.

Бірақ бұл да Жапонияның аниматорлары мен   «Союзмультфильм» арасындағы келіспеушіліктің тоңын жібіте алмаған сияқты.  Ересектер арасындағы талас-тартыстан  Чебурашқа мен Чебиді жақсы көріп үлгерген  екі елдің балалары зардап шекпесе  болғаны.

 

АЛМАТЫ