Қоғам • 27 Сәуір, 2020

Мектеп оқушыларына 27-28 сәуірге арналған бейнесабақтар кестесі

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мектеп оқушыларына 27-28 сәуірге арналған бейнесабақтар кестесі

Бейнесабақтар қазақ тілінде дүйсенбі және сейсенбі күндері сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін 1-11 сынып оқу пəндері бойынша «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі. Телеарнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store» мен «Play Market» сервистерінен тегін жүктеуге болады. 

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы құрамындағы «Balapan» телеарнасын «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі және аналогты хабар тарату жүйесі арқылы көруге болады.