Экономика • 27 Сәуір, 2020

4,2 млн-нан астам әлеуметтік төлем тағайындалды

398 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

27 сәуірдегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірістен айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. Алғашқы айда берілгені  – 3 млн 731 мың, ал екінші айда 520 мың адамға тағайындалды.

4,2 млн-нан астам әлеуметтік төлем тағайындалды

27 сәуірдегі жағдай бойынша «42 500 теңге» төлемге 8 млн 23 мың адам өтініш берді.

Бірегей өтініштердің ең көп саны келесі өңірлерде:

  • Алматы облысы – 1 млн 45 мың;
  • Түркістан облысы – 999,5 мың;
  • Алматы қаласы – 896,6 мың;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 594,5 мың;
  • Шымкент қаласы – 534,5 мың.

Өңірлер бойынша жәрдемақы ең көп тағайындалған облыстар:

  • Алматы облысы – 620,5 мың;
  • Түркістан облысы – 508,5 мың;
  • Алматы облысы – 412,1 мың.

Әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкес келмейтін 3 млн 672 мың өтінім қабылданбаған.Оның негізгі себептері мынадай:

  • өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі;
  • банктік шот нөмірінің дұрыс көрсетілмеуі;
  • өтініш берушіде тұрақты жалақысының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
  • өтініш берушінің төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамаған зейнетақы мен жәрдемақы алушы болып табылуы;
  • өтініш беруші үшін төтенше жағдай режімін енгізгенге дейін соңғы 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі, БЖТ төлемеу немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамғандардың өтініш бергенге дейін БЖТ төлемеуі;
  • өтініш берушінің қайтыс болуы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Өтініштің қаралу статусын 42500.enbek.kz сайтында тексеруге болады.

Қосымша қарауды талап ететін ерекше жағдайларда азаматтар [email protected][email protected] электрондық мекенжайларына жазбаша өтініш бере алады.

МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.