Президент • 27 Сәуір, 2020

«Birgemiz» қоры дәрігерлерге де, мұқтаж жандарға да көмектеседі

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтты.

«Birgemiz» қоры дәрігерлерге де, мұқтаж жандарға да көмектеседі

«Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр. Біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдап жатырмыз» деді ел Президенті.

Соңғы жаңалықтар