Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Алматы: Зарарсыздандыру жұмыстарының 9 кезеңі аяқталды

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы аумағын зарарсындандырудың тоғызыншы кезеңі мәреге жетті. Карантин басталғалы мамандар әр кезең сайын 8 мың 500 үй мен 23 мың кіреберіс және 4 мыңнан астам ауланы дезинфекциялаған.

Алматы: Зарарсыздандыру жұмыстарының 9 кезеңі  аяқталды

Аталған кезеңнің қорытындысы бойынша 7 мыңнан астам кіреберіс пен 1345 аулаға жүз пайыз дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Оған 61 бригада мен 453 адам тартылып, барлығы 79 300 литр дайын сұйықтық пайдаланылған. Ал қоғамдық орындар мен көшелерді залалсыздандыру үшін 150 арнайы техника мен мыңнан астам адам жұмыс істеді. Нәтижесінде  4 миллион 420 мың шаршы метр көше, 712 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы,  985  контейнер мен 201  контейнер аумағы толық залалсызданды.  Бұл үшін 817 мың литр вирусқа қарсы дайын сұйықтық жұмсалған.  

Атқарылып жатқан дезинфекциялық жұмыстардың ішінде карантинге жабылған аумақтар да бар. Инфекция ошақтарын арнайы мамандар күніне екі рет мұқият залалсыздандырып шығады. Іске асып жатқан жұмыстардың барлық шығыны қала әкімдігінің бюджетінен бөлініп отыр.

«Алматы қаласы әкімдігі ақша бөліп,  дезинфекциялау жұмыстарының 9 кезеңін өткіздік. Осының бәрі Алматы қаласы әкімдігінің қаржысы есебінен жүргізіліп отырады. Ал ПИК бұрыннан клининг компаниялармен шартқа отырған.  Олар аптасына бір рет подьезді жууы керек», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының инспекция бөлімінің басшысы Жандос Қайырханов.