– Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы бастама берген #BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясы шеңберінде және төтенше жағдай кезінде көмек қажет ететін жанұяларды қолдау мақсатында 250 млн теңгеден асатын заттық айғақ ретінде тәркіленген киім-кешекті үйлестіріп берді, – делінген хабарламада.
Мәліметке сай, балалар киімдері, аяқ киімдер, спорттық костюмдар, футболкалар экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында тәркіленіп, соттың үкімімен мемлекеттің меншігіне өткен болатын. Барлық киім-кешек балалар үйлеріне және қиын жағдайда қалып, көмек күтіп отырған отбасыларға үлестірілді.