Руханият • 28 Сәуір, 2020

Табысынан айырылғандарға таяныш болды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ежелден атын атамайтын аты жаман ауру біздің елге келгеніне де бір айдан асты. Басында қарапайым халық онша қабылдай қоймағанымен, әлемде болып жатқан жағдайларды көріп, сабақ алды.

Табысынан айырылғандарға таяныш болды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен уақытында алдын алу шаралары жасалып, Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалаларды жауып, жұмыс біржола тоқтады. Мен құрылыста жұмыс істеймін. Біздің де жұмыс уақытша тоқтады. Айлық пәтерақы мен күнделікті азық-түлікті басында уайымдаған едік, кейін аз да болса көмек ретінде берілген 42500 теңгені алып, көңіліміз орнықты. Барға сабыр, жоққа шүкір ете отырып, біз осы қиындықты жұрт болып жұмылып, ел болып бірге еңсерерімізге сенемін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі мәлімдемесінде «Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады» дегенін оқып қуанып қалдым. Осындай қиын-қыстау кезеңде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірлігіміз мен азаматтығымызды танытуымыз керек.

Осы орайда табысынан айырылған азамат­тарға қолұшын беріп жәрдемдескен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтқым келеді. Әлемді шарпыған індет іргемізден жоғалып, жайма-шуақ күнге тезірек жетсек екен деп тілеймін.

 

Құрмет ТӨКЕЙҰЛЫ,

құрылысшы

 

Нұр-Сұлтан