Еске сала кетсек, 20 сәуірден бастап мегаполисте 31 кәсіпорын жұмыс істей бастады. Жарияланған тізімде өндіріс және құрылыс нысандары, сондай-ақ заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Кешеден бастап қала экономикасын қалпына келтірудің екінші кезеңі басталғаны мәлім. Толық тізімді қаланың almaty.gov.kz ресми сайтынан табуға болады.
Қала кәсіпкерлері өз кезегінде белгіленген санитарлық нормаларды қатаң сақтайтынын атап өтті. Барлық ашылған мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді. Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау департаментінің мамандары, сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшелері жұмыс жүргізеді.