18 Қыркүйек, 2013

Мұнай қорлары да мәңгілік емес

304 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Соңғы 10 жылда әлемдік мұнай бағасының өсімі 3 еседен асып түскен. Оның ішінде 2008 жылдан бері бірден 2 есеге артып­ты. Әрине, бұған қаржылық дағдарыс әсер еткені белгілі. Ал мұнай бағасының өсуі мұнай өнімдері мен мұнай химиясы құнының да қарыштап көтерілуіне септігін тигізіп отыр. Жаһан­дық жағдайдағы осындай үдерістерді ескере отырып, Елба­сы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысын­да осы мәселе қаралып, тұжырымдама жобасы мақұлданды.

Тұжырымдама жобасын Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин таныстырды. Онда негізінен 8 мәселеге басымдық берілген екен.

Соңғы 10 жылда әлемдік мұнай бағасының өсімі 3 еседен асып түскен. Оның ішінде 2008 жылдан бері бірден 2 есеге артып­ты. Әрине, бұған қаржылық дағдарыс әсер еткені белгілі. Ал мұнай бағасының өсуі мұнай өнімдері мен мұнай химиясы құнының да қарыштап көтерілуіне септігін тигізіп отыр. Жаһан­дық жағдайдағы осындай үдерістерді ескере отырып, Елба­сы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысын­да осы мәселе қаралып, тұжырымдама жобасы мақұлданды.

Тұжырымдама жобасын Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин таныстырды. Онда негізінен 8 мәселеге басымдық берілген екен. Мәселен, табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу және есепке алу, өндіру қарқынын арттыру және жоғары әлемдік сұранысты ел пайдасына асыру үшін табиғи ресурстарды әлемдік рыноктарға шығару және ішкі нарықты отандық өндірістің жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, тағы басқалар. Сонымен қатар, мұнда шикізатты шығару және қайта өңдеудің және жаңа өндірістерді құрудың заманауи технологияларын қолданған жағдайда ғана шетел инвестицияларын тарту үшін жағдай жасау қарастырылған. Энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамыту, мұнай өндіретін кәсіпорындардың экологиялық зиянсыз өндірістерді енгізуі, кө­мірсутек шикізатының стра­те­гиялық қорын құру және шикізат секторынан түсетін кірісті оңтайлы басқару жайлары да осы басым мақсаттардың қатарында.

Бүгінде жаһандық эко­но­ми­каның даму қарқынының бә­сеңдеуі мен кейбір елдердегі ре­цессия әлемдік сұранысты тө­мен­детіп отырғанын айтқан Мұнай және газ министрі оның есесіне әлемдік тауар рыноктарындағы бәсеке айтарлықтай күшейгенін атап өтті. Ұ.Қарабалин, сонымен қатар, қорлар бойынша Қазақстан әлемнің алғашқы он елінің қатарында тұрғанын, бұл бізге мұнайды кем дегенде 50 жыл бойы өндіруге мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті.

Осыған орай еліміз қазірден бастап жаңа қор көздерін табу жұмыстарын күшейтуі керектігі айқын. Бұл ретте Ұ.Қарабалин еліміздегі қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық базаның 80 пайызы сонау Кеңес уақытында зерттеліп, есепке алынғанын айтып, қаржыландыру мәселелері жер қойнауын озық зерттеуге бөгет болып отырғанын алға тартты. Негізінен монотехнологиялар пайдаланылуда – кешенді концентраттарды алу мен қайта өңдеу технологияларына қарай жүйелі жылжу байқалмай отыр, деді ол. Сонымен қатар, министр Қазақстанда қазір оңай шығарылатын мұнай кезеңі аяқталуға жақын екендігін атап өтті. Осының салдарынан кен орындарын іздестіру мен игеру қиындап, күрделеніп, оған жұмсалатын шығындар да көбейген. Енді мұнай саласына қатысты осы және өзге де проб­лемаларды шешуге жоғарыда аталған тұжырымдама септігін тигізуі тиіс.

Үкімет басшысы С.Ахметов бұл тұжырымдама және тиісті нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ, отын-энергетикалық кешенді дамыту бойынша стратегияны қабылдау – кен өндіру және табиғи ресурстарды әлемдік рынокқа шығару қарқынын арттыруға, ішкі нарықты жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деді. Сондай-ақ, тұжырымдама өнеркәсіптер қазіргі заманғы өндіру және шикізатты қайта өңдеу технологиясын қолданғанда, экологиялық залалсыз жаңа өндірісте