– Жалпы облыс бойынша 182 науқас тіркелді. Оның ішінде, 110-ы сауығып шықты. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 2830 азамат анықталды. Оның 1495-сі жақын, 1335-і жанама байланыста болған, – деді бас дәрігер.
Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 72 науқас ем қабылдап жатса, 54-і провизорлық стационарға, 452-сі карантиндік бақылауға жатқызылған.