Алматыда жалпы карантин енгізілген сәттен бастап төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынса, 1 мың 54 адамға айыппұл салынған. Төтенже жағдай талабын ескермеген 334 адамға ескерту жасалыпты. Қалада орнатылған 41 тосқауыл бекетінде 54 мыңнан астам көлік тексеруден өткен.
– Өткен тәулік ішінде қала бойынша заңсыз жүргені үшін 34 жүргізуші ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды. Қалада жаяу патрульдеуге 2 мың 828 адам қатысты, оның ішінде Департаменттің 1 мың 616 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 138 әскери қызметкері, Ішкі істер министрлігі Академиясының 100 оқытушысы, УССО-50, ДУИС-14 және Ұлттық ұланның 990 әскері бар. Бұл жұмыстарға барлығы Департаменттің, Ұлттық ұлан мен қорғаныс Министрлігінің жеке құрамынан 5 мың 330 адам жұмылдырылған. Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлерінің күшімен ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аймақтар -инфекция ошақтарын қоршауға алды. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 481 полиция қызметкері жұмылдырылды», дейді Алматы қалалқ Полиция Департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Қаланың бас полицейі мәлімдегендей, бір тәулік ішінде қалаға 93 мың 973 көлік құралы кірген болса, керісінше 72 мың 413 көлік қаладан шыққан. Мегаполистегі қылмыстық ахуал тұрақты бақылауда.
Мәселен бір тәулік ішінде қалада 32 қылмыс тіркеліп, оның 16-сы «ізін суытпай» ашылған. Таймерденовтың сөзінше, бұл қылмыс көрсеткіші осы жылдың 16 наурызымен салыстырғанда 66,0% -ға аз.