Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қызылорда: Жер қойнауын игеруші компанияларда жұмыс тоқтаған жоқ

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы кешегі мәлімдемесінде еліміздің барлық аймағында жұмыстарын бастайтын мекемелердің тізімін жасақтауды тапсырғаны белгілі.

Қызылорда: Жер қойнауын игеруші компанияларда жұмыс тоқтаған жоқ

Осыған байланысты Қызылорда облысында кезең-кезеңімен жұмысқа кірісетін мекемелер мен ондағы жұмысшылардың саны нақтылануда. Бұл туралы бүгінгі брифингте облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша әуелі  13 573 жұмысшысы бар 2 384 мекеме іске қосылып, екінші кезеңде  12895 жұмысшысы бар 2 935 мекеме жұмысын бастайды.  

-Көктемгі-дала жұмыстары наурыз айының екінші онкүндігінде басталып кетті. Қазіргі уақытта 8,5 мың гектар күріш, 28,8 мың гектар жоңышқа, бидай, арпа және мақсары егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. 3,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ облыстың өнеркәсіп саласындағы 12 мұнай өндіруші және 4 уран өндіруші компания қызметін тоқтатқан жоқ. Қызметкерлердің келісімімен вахталық мерзім уақыты 14 күннен 28 күнге дейін ұзартылды.