Білім • 28 Сәуір, 2020

Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша рейтингтің соңындағы ЖОО жарияланды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай қорытындыны үш жыл қатарынан Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келе жатқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. 

Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша рейтингтің соңындағы ЖОО жарияланды

– Талдау деректері бойынша түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 50 пайыздан төмен болған 61 оқу орны анықталды. Осы тізімнен 12 оқу орнының жұмысқа орналасу көрсеткіші 50 пайыздан төмен мамандықтардың ең көп саны (3-15 мамандық) бар.

Бұл бағытта ең келеңсіз жағдай мына оқу орындарында қалыптасты:

SilkWay Халықаралық университеті - 6 рейтинг бойынша;

Сырдарья Университеті – 5 рейтинг бойынша;

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті  – 5 рейтинг бойынша;

Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет – 4 рейтинг бойынша;

Орталық Азия университеті - 4 рейтинг бойынша;

Шымкент университеті - 3 рейтинг бойынша;

Астана Университеті - 3 рейтинг бойынша. 

Сондай-ақ талдау кезінде мына оқу орындарында мамандық бойынша 30%-дан төмен жұмысқа орналасу көрсеткіші анықталды:

Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы – Халықаралық қатынастар - 29%;

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті – Информатика (жаратылыс ғылымдары) - 29%;

Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет – Кәсіптік оқыту мамандығы - 25%;

Орталық Азия университеті – Экономика мамандығы бойынша - 20%;

«Атамекен» ҰКП Мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістерді енгізу туралы бірқатар бастамалар ұсынған болатын: (Білім және ғылым министрлігінің №122 бұйрығы): егер ЖОО рейтингтің төменгі бөлігінде болса, комиссия мұндай білім ордасына мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту құқығынан айыруға құқылы.