«Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы кәсіпкерлер үшін демеушілер тауып беріп, қамкөңіл жандардың алғысына бөленіп жүр. Бұл жұмыс одан әрі жалғастырылуда. Жақында «Даму» қорының Ақтөбе аймақтық филиалы екінші топтағы мүгедек Салтанат Салхадиноваға демеушілік көмек ұйымдастырды. Қор Салтанат Жағыпарқызына су жаңа ноутбук сыйлады.

Ол мүмкіндігі шектеулі болса да екі бала өсіріп отырған қайсар ана. Мамандығы бойынша – тауартанушы, бухгалтерлік есеп бойынша оқыту курстарынан өткен. Соңғы 20 жыл бойы ол буын ауруымен ауырады. Алайда, қол қусырып қарап отыруды жаны қаламайтын Салтанат бухгалтерлік курста оқып шыққаннан кейін кәсіпкерлік нысандарына бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу бойынша қызметтер көрсетумен айналысып келеді. Мұндай қызметті жүзеге асыру үшін ноутбук қажеттігі белгілі. Оны сатып алуға мұқтаж болғандықтан «Даму» қорына көмек көрсетуді сұрап, өтініш білдірген. – Танысым арқылы «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедек кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек туралы естідім. Содан кейін қордың аймақтық филиалына өтініш білдірдім. Маған көмек көрсететін мейірімді адамдардың табылатындығына сендім, дейді ол.
Сенім алдамады, қысылғанға қолдау көрсететін жақсы адамдар табылды. Оған демеушілік көмекті мұнай өнімдерін уақытша сақтау қызметімен айналысатын «Нұрлы Мұнай» ЖШС көрсетті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, компания басшылығына «Даму» қоры атынан арнайы алғыс хат табыс етілді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.