Қоғам • 28 Сәуір, 2020

ТМД елдері Қарулы Күштерінің метеоқызметтері жаттығу өткізді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіз мемлекеттер достастағы қатысушы-мемлекеттерінің Қарулы Күштері гидрометеорологиялық (метеорологиялық) қызметтері қауіпті және табиғи гидрометеорологиялық құбылыстарына қатысты қатты дауыл туралы ақпарат алмасу бойынша оқу-жаттығу өткізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТМД елдері Қарулы Күштерінің метеоқызметтері жаттығу өткізді

Оқу-жаттығу  Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің гидрометеорологиялық қамтамасыз ету басқармасымен 2020 жылға арналған ТМД қатысушы-мемлекеттері қорғаныс министрлер одағының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Сонымен қатар, жаттығу кезінде Қазақстан Әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінің метеорологиялық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы авиациялық базасының метеорологиялық қызметі қосымша тартылды.

Жаттығудың мақсаты – қазақстандық әскери метеорологтары мен ТМД елдерінің Қарулы Күштерінің метеорологиялық қызметінің жедел және болжамды органдары арасындағы жұмыстың үйлесімділігін арттыру, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың алдын-алу және ескерту бойынша тиімді өзара іс-қимыл мен өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.

Сценарий бойынша кезекші офицер-гидрометеоролог қатысушы- мемлекеттерді Қазақстандағы табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың шартты түрде пайда болуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей қорғаныс министрліктерінің гидрометеорологиялық қызметтеріне ескертулер мен хабарламалар жолдады.

Өз кезегінде осындай ескертулерді жоғарыда аталған елдердің метеоқызметтерінен Қазақстанның қорғаныс ведомствосына да жіберілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық мақсаттарға қол жеткізілді, гидрометеорологиялық ақпараттармен уақтылы алмасу бойынша міндеттер толық көлемде орындалды.

Соңғы жаңалықтар