18 Қыркүйек, 2013

«Халық сөзі» кітап болып жарық көрді

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Ұлттық академиялық кітапханада республикалық қоғамдық-саяси «Халық сөзі» газетінің шыққанына 3 жыл толуына арналған шара өтті. Аталмыш шараны өткізуге «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы мұрындық болып отыр.

Елордада Ұлттық академиялық кітапханада республикалық қоғамдық-саяси «Халық сөзі» газетінің шыққанына 3 жыл толуына арналған шара өтті. Аталмыш шараны өткізуге «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы мұрындық болып отыр.

Жиында сөз алған «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай «Халық сөзінің» атқарып жатқан игі жұмыстарына өз ризашылығын білдіре келе, шығармашылық ұжымға табыстар тіледі. Сондай-ақ, жазушы Таласбек Әсемқұлов пен журналист Ескендір Ертай басылымның ерекшеліктеріне тоқталып, өз ойларын ортаға салды.

«Биыл басылымның шыққанына 3 жыл толуына орай арнайы жинақ шығарған едік. Бүгін соның тұсауын кесіп отырмыз. Бұл тек құрастырушы менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегі деп білемін», деді «Халық сөзі» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай. Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы «Халық сөзі» газеті жайында толғамды ойларын айта келе, қазір интернет заманы дегенмен, зерделі оқырмандар тұрғанда газет-журналдың өміршең болатындығын жеткізді.

Кітапқа соңғы үш жылда «Халық сөзі» респуб­ликалық қоғамдық-саяси газетінде жарияланған мақалалар мен сұхбаттардың ең негізгісі сұрыпталып енгізілген. Басылымның бірінші бөлімінде бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі арқау болған мақалалар, ал екінші бөлімінде өз ойларын барынша ашық әрі батыл айта білген тұлғалардың сұхбаттары топтастырылған.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар