Спорт • 28 Сәуір, 2020

Гандболдан үш дүркін әлем чемпионы қайтыс болды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

КСРО мен Ресейдің әйгілі қол добы шебері Марина Базанова 57 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Гандболдан үш дүркін әлем чемпионы қайтыс болды

Ресейдің Омбы қаласының тумасы кезінде Киевтің «Спартак» клубы сапында өнер көрсетіп, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы атанды. Чемпиондар лигасының бас жүлдесін бес рет жеңіп алды. Одақ құрамасы сапында Сеул мен Барселона Олимпиадаларының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы деген мәртебелі атаққа қол жеткізді. Кейіннен Германияның «Валле» мен «Вердер» командаларының жейдесін киді. Бұл ретте де Базанова биік белестерді бағындырды.

Үлкен спорттан қол үзгеннен кейін Германияда тұрақтап қалып, 10 жыл бойы «Вердерді» баптады. Әйгілі спортшының неден қайтыс болғаны жайында нақты дерек жоқ.