Руханият • 29 Сәуір, 2020

Бар күшіміз – бірлікте

132 реткөрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызға арнаған мәлімдемесінде төтенше жағдай кезеңінде халыққа көрсетілген қамқорлық шараларын атап өтіп, мемлекет өз азаматтарын назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Сонымен бірге төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін созды. Десе де сақтық шараларын қатаң сақтауды жалғастыру қажет екенін жеткізді.

Адамзат тарихында мұндай апаттар аз болған жоқ. Қиындықта топтасқан, біріге білген ел жеңіске жеткен. Адам баласына жаппай төнген ауыртпашылық тек қиындық әкеліп қоймайды, сонымен бірге жаңашылдыққа жол іздетеді. Осынау сыни жауапты шақта ұлт болып ұйысып, ел болып қауымдасудың және төзімділік, шыдамдылық, қайы­рым­дылық пен тәртіптіліктің үлгісін көрсету – парыз. Сондықтан рухымыз мықты әрі биік болуы тиіс. Демек, аға буын зиялылардың халықты ынтымаққа, жақсылыққа белсене шақыратын, жастардың өз бойындағы жасампаздық күш-қайратын жүзеге асыратын кезі келді. Адамзаттың парасатты істері, ізгі амалдары, ғылым мен білімнің жетістіктері, халықтың мызғымас тұтастығы мен табандылығы барлық қиындықтарды жеңіп шығар жол табуға болатынын дәлелдейді.

Таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында да көп дүниенің басын түйген-ді. Мемлекет басшысының мәлімдемесі аталған мақаламен мазмұндас, үндес. Жалпы, Елбасы Тәуелсіздік таңы атқан кезден бастап өз халқының тағдыры жолындағы талай түйіндердің күрмеуін тарқатып, әрі әлемдік деңгейдегі бетбұрысты оқиғалар туралы ой бөлісіп келеді. Тарлан тарих беттерін парақтасақ, осынау дәстүрдің тамырын тереңнен тартатынын байқаймыз.

Бізде аурудың алдын алу ісі дер кезінде басталды. Ауырт­палықты еңсеруге қа­жет­ті ресурстар жеткілікті болды, сыртқы елдермен достастық саясаты, әлеуметтік-экономикалық, білім және ғылым салаларында жүр­гізілген табысты реформа­лар бұл қиындықты да жеңіп шы­ғуға мүмкіндік береді. Бірлік жеңіске жеткізеді. Бірақ бір­ліктің материалдық, қаржылық, басқа да негіздері бар. Бірінші – тәр­тіп. Тәртіп – халықтың өзіне төнген қауіптен сақтану деңгейі­нің жоғарылау қабілеті. Бұл тұста Елбасы қазақ халқы­ның даңқты перзенті Бауыржан Мо­мышұлының тәртіп туралы сөзін еске салады. Бізді біріктіруші, бір мүдде мен мақсатқа жетелеуші күш – ел ішіндегі ауызбіршілік пен түсіністік, қамқор көңіл, жылы ниет.

Осы қағиданы Президенттің кешегі мәлімдемесінен де бай­қадық. Яғни босаңсуға болмайды. Қазіргі қабылданған шаралар ел экономикасы мен қауіпсіздігі үшін екенін естен шығармаған ләзім.

Еліміздің басына қара бұлт болып төнген осындай қиын кезеңде әр адам өмірі қымбат болса, соның ішінде білім мен ғылым саласындағы адам капиталын сақтау аса маңызды. Осы бағытта Білім және ғылым министрлігі қабылдаған шұғыл да маңызды шаралардың бірі – елдегі барлық білім беру ұйымдарын қашықтан оқыту технологиясына көшіруі. Бұл қатарда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де қашықтықтан оқыту форматына көшті. Оқу үдерісін сапалы әрі тиімді ұйымдастыру үшін университет педагогтері барлық электронды платформаларды пайдалануда. Оқыту форматы Платонус ақпараттық жүйесінде чат дәрістер негізінде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар ZOOM, Google Classroom.com, Moodle, Telegram, Скайп электронды көздерінде онлайн дәрістер, чат-сабақтар өтуде. Ютуб желісінде оқытушылардың бейне дәрістері жазылып дайындалып, университеттің ресми сайтына, ақпараттық ресурстарға салынған.

Қашықтан білім беру жағ­дайында туындаған барлық сұраққа жауап беру мақсатында уни­вер­ситет сайтына Call-орта­лығы туралы ақпарат орналасты­рылып, онда келіп түскен сұрақ­тарға дер кезінде жауап берілуде. Сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану және оқуға қажетті мағлұматтарын алу мақсатында электронды кітапханамен жұмыс істеу қамтамасыз етілді.

Профессор-оқытушылар үшін де қашықтан жұмыс ұйым­дас­тырылған. Бүгінгі таңда олар толықтай өз қызметтерін онлайн режімде атқарып отыр. Қашықтан оқыту технологиясын пайдалану – біліктілік пен білімнің сыналатын уақытында, өзіміздің бәсекеге қабілетті екенімізді байқатуға жасалған бірден-бір мүмкіндік. Еліміздің экономикасын дамытып, өркениеттілікке жеткізетін, сондай-ақ дамыған елдер қатарына қосылуына мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу қазіргі заман еншісіндегі ұлы қызмет екенін әрдайым есімізде ұстағанымыз абзал. Сол себепті, қалыпты өмірге қайта оралу үшін өтпелі кезеңді бірлікпен еңсеріп шығу – азаматтық парызымыз.

Біздің бар күшіміз бірлікте. Ұлт­тық ділімізге тән ізгілік пен ме­йі­рімділік, имандылық пен са­бырлылық қашанда жақсылықтың бастауы болмақ. Біз біргеміз!

 

Бейбіткүл КАРИМОВА,

Қорқыт Ата атындағы Қызылода мемлекеттік университетінің ректоры

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған

Коронавирус • Бүгін, 10:20

Алаштың ардақтысы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 10:02

Тапа-талтүстегі төтенше жағдай

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Ертістің суы егістікке пайдалы

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Бүгін, 06:55

Ұқсас жаңалықтар