18 Қыркүйек, 2013

Бокс: әлем чемпионатында үшінші болдық

260 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Украинаның астанасы – Киев қаласында 8-15 қыркүйек аралығында болып өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін табысты аяқталды.

Шаршы алаңдағы үстіндегі шайқастардың қорытындысында 2 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған біздің ұландарымыз әрбірі 3 алтын медальдан иеленген Ресей мен Куба командаларынан кейінгі үшінші орынға табан тіреді. Алаң иелері – Украина жасағы төртінші болса, бесінші сатыға – АҚШ, алтыншы белеске Ирландия командалары орналасты.

Чемпионатта әрбірі 4-5 реттен ұрыстар өткізген біздің бағландардың арасында қарағандылық Абылайхан Жүсіпов (57 кг) пен астаналық Рахат Мыржықпаев (66 кг) алтын медальға қол жеткізсе, алматылық Қадырбек Садықбек (70 кг) күміс жүлделі болды. Бұлардың алдыңғы екеуі ақтық айқасты тиісінше ресейлік Гусейн Магомедовпен және әзербайжан Ровшан Мусаевпен өткізіп, екеуі де 3:0 есебімен жеңіске жетсе, кейінгісі финалда украиналық Рамиль Гаджиевпен жұдырықтасып, дәл әлгіндей есеппен есе жіберіп алды. Ал қола медальды жартылай финалда қарсыластарына жол беріп қойған Әлімжан Бескемпір (46 кг), Серік Теміржанов (48 кг), Стоян Мазур (50 кг), Бауыржан Темірхан (52 кг) және Дмитрий Зиско (+80 кг) есімді жас былғары қолғап шеберлері еншіледі. Бұлардың арасындағы Стоян Мазур, Абылайхан Жүсіпов, Рахат Мыржықпаев және Дмитрий Зиско, сондай-ақ іріктеу сынақтарында жарыс жолынан шығып қалған Сабыржан Әбілов пен Вячеслав Столбовский биыл көктемде ғана Шымкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді, міне, солардың біразы осы атақтарына тағы бір дәреже қосып отыр.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

(Чемпионаттың толық техникалық мәліметтерін газет сайтындағы «Бокс. Әлем чемпионаты: Қазақстан үшінші орында» хабарынан таныса аласыздар).

Соңғы жаңалықтар