Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Батыс Қазақстан облысында тағы 1 адам індет жұқтырды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29.04.2020 жылғы сағат 09:10-дағы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды.

Батыс Қазақстан облысында тағы 1 адам індет жұқтырды

Коронавирус инфекциясы табылған адам 1959 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Шет елден келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үй карантинінде болған. Дене қызуының көтерілуіне байланысты медициналық қызметкерге қаралып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

29.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 127 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 9.