Экономика • 29 Сәуір, 2020

Азық-түлік жұмыртқаларын субсидиялау жалғасады - АШМ

25 реткөрсетілді

Дағдарыс жағдайына байланысты жұмыртқа өндірушілерді қолдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаларға тауарлық субсидияларды алып тастау қарастырылған. Субсидияны алып тастау туралы норма 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте құс фабрикалары басшылары мен құс өндірушілердің салалық қауымдастығымен келісілген болатын.

Алайда, COVID-19 вирусының таралуынан туындаған дағдарысқа байланысты, 2020 жылы жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті. Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдауды және өнімнің бірлігіне субсидиялау нормасын 3 тен 1,5 теңгеге дейін төмендете отырып, «азық-түлік жұмыртқаларын өндіруді субсидиялау» бағытын сақтауды ұсынды.

«Құс өсірушілерді қолдау және сәйкесінше жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге Үкімет 5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Үкімет жұмыртқа өндірушілерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігін берді. Бұл құс фабрикалары қиын кезеңде өзін жеммен қамтамасыз ете алуы үшін жасалды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды құс сатып алуға субсидия түрінде және экспорттық өнімді тасымалдау шығындарына қосымша қолдау көрсетіледі.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда жұмыртқа өндіретін 31 құс фабрикасы бар. Болжам бойынша олар жылына 5,5 млрд жұмыртқа өндіреді.

Сонымен бірге, отандық өндіріс қазақстандық нарықтың 100%-дан астам қажеттілігін қамтамасыз етеді. Демек, құс фабрикаларының артық өнімді шетелдерге сату мүмкіндігі бар.

2019 жылы республиканың құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқаны экспорттады. 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында экспорт көлемі 1542 тоннаны (30,8 млн дана) құрады.

Соңғы жаңалықтар

Итаяқпен ас ішкен әйел

Руханият • Бүгін, 10:30

Арыстар рухына құрмет

Пікір • Бүгін, 08:33

Ел үшін маңызды бастама

Пікір • Бүгін, 08:25

Оң өзгерістерге жол ашады

Пікір • Бүгін, 08:09

Шырғалаң шындығы

Әлем • Бүгін, 08:04

Қарағандыны жастар сәндейді

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Тастүйін

Қоғам • Бүгін, 07:51

Кодекс жобасы талқыланды

Саясат • Бүгін, 07:48

Нүкте философиясы

Руханият • Бүгін, 07:35

МӘМС: кім, қанша төлейді?

Сұхбат • Бүгін, 07:30

Мың қырлы Манарбек

Әдебиет • Бүгін, 07:30

Салық өсімпұлы салмақ емес пе?

Экономика • Бүгін, 07:26

Бассейнде өскен балық

Экономика • Бүгін, 07:23

Түземдік элита

Тарих • Бүгін, 07:23

Ұқсас жаңалықтар