Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қызылорда: Омарташылар мәселесі оң шешілді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков айтты.

Қызылорда: Омарташылар мәселесі оң шешілді

Сәуір айының екінші онкүндігінде кәсіпкерлер палатасына Қазақстан омарташыларының «Бал-Ара» ұлттық одағынан  өтініш түскен. Карантинге орай осы кәсіп иелерінің елді-мекеннен алқаптарға кіріп-шығуда айтарлықтай қиындықтарға кездесіп отырғандығы жазылған хат бойынша палата мамандары жұмыс істеді.

-Әріптестермен ақылдаса келе, омарташыларға ғана арналған онлайн-өтінім беру формасын әзірледік. Аталмыш формада омарташының аты-жөні, көлігіне, жүріп-тұратын маршрутына қатысты ақпаратты қамтитын сауалдар болды. Сілтемесін whatsapp желісі арқылы жолдап, өтінім түскеннен кейін оны толтырған азаматтың осы кәсіпппен айналысатындығын «Бал-Ара» ұлттық одағымен растап отырды. Нәтижесінде 16 сәуірден бері облыс бойынша 95 омарташыны автокөліктерімен  тіркедік, – дейді кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы.