Қоғам • 29 Сәуір, 2020

Алаяқтар халықты ебін тауып тонап жүр

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде халықтың табыс көлемі азайып, жинаған қаражаты таусылып, күн көру үшін қарыз алуға тура келеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтың айтуынша, дәл қазіргі жағдайда несиеге қаражат алуға асықпау керек. 

Алаяқтар халықты ебін тауып тонап жүр

̶  Кредит – ыңғайлы және көбіне аса қажет қаржы құралы. Қарызға алынған ақшаны ерте ме, кеш пе есеп айырысу және кредитті пайыздармен, ал егер кредитті онлайн кредиторлардан алу қажет болса, тіпті үлкен пайыздармен қайтару керек болады. Қарыздарға қызмет көрсету бойынша өз мүмкіндіктеріңізді әрдайым айқын бағалаңыз, ̶  дейді. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы адамның ертеңгі күніне деген сенімінің қаншалықты қауқарсыз екенін көрсетті. Егер дағдарыс ұзаққа созылса, жағдай өзгеруі мүмкін бе? Бұрынғы жұмыс орныңызды сақтай аласыз ба әлде қазіргі уақыттағыдай карантинде отыруға мәжбүр боласыз ба? Денсаулығыңыз сыр берса, кредит бойынша төлемдерді жүзеге асыра аласыз ба? осы мәселелерді айқындап алып несие алу керектігін ескертеді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры.

Оның айтуынша, бұрынғы жайбарақат өмірдің өзінде қарыз алушылардың барлығы кредиттік ұйым алдында өз қарыздарын өтей алмаған.

̶ Онлайн-қарызды отбасылық бюджетіңіздің ойсыраған жерін «жамайтын» тәсілдердің бірі деп қабылдауға болмайды. Әрине, онлайн-кредиторлардан  «жалақыға дейін кредит ала тұру» оңай тәсіл, алайда қарыздар бойынша төлейтін пайыздарыңыз екінші деңгейдегі банктермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады. Мұндай қарыздар бойынша кредиттік төлемдер болашақта өзіңізге шамадан тыс ауыртпалық  түсіреді,- дейді қаржы реттеушісінің өкілі.

Осы ретте, ақшалай салымдар арқылы жоғары кіріс алуға сенім тұдыратын күмәнді жобаларға ақша салудан сақ болу керек. Дағдарыс кездерінде әдеттегідей, қаржылық алаяқтар белсенді бола бастайды.

̶ Әрине, қысқа мерзімде керемет пайда әкелетін сиқырлы қаржы құралдарына қаржы салу үшін қарыз алушылар кредит алып, ақшаларын тәуекел етеді. Қаржылық алаяқтар өз «ойындарын» жүргізіп, пандемия жағдайында тіптен белсенді болуда және түрлі алаяқтық схемаларды ойлап тауып және іске  асыра отырып, азаматтарды ебін тауып тонап жүр, - дейді А.Терентьев.