Спорт • 29 Сәуір, 2020

Екі дүркін Олимпиада чемпионы 32 жасқа толды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Канаданың атақты хоккейшісі, Олимпиаданың екі дүркін және әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Джонатан Тэйвздің туған күні. Ол 32 жасқа толып отыр.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы 32 жасқа толды

13 жыл бойы тапжылмай бір ғана команда – «Чикаго Блэкхокстың» сапында өнер көрсетіп жүрген Тэйвздің бағындырған белестері өте көп. Ол Ұлттық хоккей лигасының «Жұлдыздар матчына» үш рет қатысты. Айтулы жарыстың «Конн Смайт Трофи», «Фрэнк Дж. Селки Трофи», «Марк Мессье» және тағы басқа мәртебелі сыйлықтарын иеленді. «Чикаго Блэкхокс» клубымен үш мәрте Стэнли кубогын жеңіп алды.

Джонатан Тэйвз 2010 жылы Ванкувер өткен Олимпия ойындарының ең үздік шабуылшысы атанды. 2014 жылы Сочи Олимпиадасының финалдық сайысында Швецияның қақпасына шешуші голды соғып, Канаданың қатарынан екінші мәрте Олимпиада чемпионы атануына сүбелі үлес қосты.