«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 27 сәуір күні аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемді екінші рет беруге тапсырма берген еді. Ол тапсырманың қазір 90 пайызы орындалды. Екінші реттік әлеуметтік төлем алатын азаматтардың саны біріншіге қарағанда көбейді. Қала бойынша көмекті алуға құқылы 28 592 адам тізімде бар. Бүгінде оның 25 мыңнан астам отбасы аталғаны ақшаны алып үлгерді», – дейді «Аlmaty birgemiz» өңірлік қорының жетекшісі Борис Жапаров.
Көмекке қол жеткізетін азаматтардың тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі әзірлеген. Тұрғындаға ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Бұған дейін жауапты мамандар көмекке мұқтаж азаматтардың телефонына смс хабарлама жіберілетінін мәлімдеген болатын.