Алматы әкімдігінің өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифинг барысында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева 15 мың адам аталған жәрдемақыны өз еркіімен мемлекетке қайтарғанын мәлімдеді.
«Аталған төлемді алу талаптарына сәйкес келмеген 471 мың өтініш мамандар тарапынан мақұлданбаған. Тұтас ел аумағы бойынша 42500 теңге көлемінде көмек алған 163 мың адам мемлекетке ақшаны қайтарған болса, Алматы қаласы бойынша 15 мың адам алған жәрдемақысынан бас тартқан», - деді басқарма басшысы.
Есте болса, бұған дейін мемлекет белгілеген ақшалай көмекті заңсыз алғандар жауапқа тартылатыны туралы түрлі ақпарат тараған еді. Кейіннен салаға жауапты министр, ешкімнің де жазаланбайтынын айтып мәлімдеге жасаған болатын.