19 Қыркүйек, 2013

Ұлттық болмыс

1132 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

реформалардың қалтарысында қалып қоймай ма? – дейді академик Камал Ормантаев

Қазақта дара, дана данышпандар аз болмаған. Сондай дарабоздың бірі Мұхтар Әуезовтің «Бесігіңді түзе!» деген сөзін жиі айтамыз. Тал бесік арқылы ұрпақты тәрбиелеуді бейнелеген ұлы қаламгердің терең ойын әрқайсымыз жете түсініп, түйсінсек, қане? Ол ұлт ұл-қызының тәрбиесін, денсаулығын көзден таса етпе, бүгін көлкілдеп жүргеніңмен тәрбиең оңбаса, денсаулығың сыр беріп жатса, ертең өңкілдеп жүресің дегенді алға тартады. Өзі осы неге байланысты деген сауалға былайша жауап береді. «...адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты (тағылымы) әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!» дейді. Міне, бесігіңді түзе деген сөздің арғы жағында әйелдің халін түзе деген үлкен ұғым жатыр. Біз кейде осы ұлы ұғымның тереңіне үңілмей, бетін қалқып, екі сөзді бөліп алып, бірде Мұхтар Әуезовтің атына, бірде халықтың еншісіне, кейде өз ойымыздан шыққандай айта салатынымыз бар. Бұл арғы ғасырдағы ұлыдан қалған сөз десек, жаңа дәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады» деп нақты бағыт берді.

Міне, осы ұлт денсаулығын қамтамасыз ету, сол ұлттың табан тірейтін ертеңгі тірлігінің тірегі, соғар жүрегі, болаттай білегі жас ұрпақтың саулығы, осы саладағы кейбір күрделі мәселелер туралы бүкіл саналы ғұмырын бала емдеу ісіне арнаған, Отанымыздағы балалар хирургиясының негізін қалаған, қазір ел дегенде сырт пішіні еңкіш тартса да ақыл-парасаты, ой-байламы бекем, аларым кетсе кетсін бейкүнә сәби үшін айтарым кетпесін деп жүрген айтулы ғалым Камал Сәруарұлы ОРМАНТАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.  

реформалардың қалтарысында қалып қоймай ма? – дейді академик Камал Ормантаев

Қазақта дара, дана данышпандар аз болмаған. Сондай дарабоздың бірі Мұхтар Әуезовтің «Бесігіңді түзе!» деген сөзін жиі айтамыз. Тал бесік арқылы ұрпақты тәрбиелеуді бейнелеген ұлы қаламгердің терең ойын әрқайсымыз жете түсініп, түйсінсек, қане? Ол ұлт ұл-қызының тәрбиесін, денсаулығын көзден таса етпе, бүгін көлкілдеп жүргеніңмен тәрбиең оңбаса, денсаулығың сыр беріп жатса, ертең өңкілдеп жүресің дегенді алға тартады. Өзі осы неге байланысты деген сауалға былайша жауап береді. «...адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты (тағылымы) әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!» дейді. Міне, бесігіңді түзе деген сөздің арғы жағында әйелдің халін түзе деген үлкен ұғым жатыр. Біз кейде осы ұлы ұғымның тереңіне үңілмей, бетін қалқып, екі сөзді бөліп алып, бірде Мұхтар Әуезовтің атына, бірде халықтың еншісіне, кейде өз ойымыздан шыққандай айта салатынымыз бар. Бұл арғы ғасырдағы ұлыдан қалған сөз десек, жаңа дәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады» деп нақты бағыт берді.

Міне, осы ұлт денсаулығын қамтамасыз ету, сол ұлттың табан тірейтін ертеңгі тірлігінің тірегі, соғар жүрегі, болаттай білегі жас ұрпақтың саулығы, осы саладағы кейбір күрделі мәселелер

Соңғы жаңалықтар