Руханият • 30 Сәуір, 2020

Жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемді әлекке салған індетке байланысты Қазақстан аумағында карантин режімінің жарияланғанына да бір жарым ай уақыт болыпты. Осы мерзім еліміз үшін аса бір жауапты әрі сынақ кезеңі болғаны ақиқат. Карантин режімінде отыру ел-жұртқа оңай тимеді, ал оның басқа да қосымша зардаптары ұшан-теңіз болғаны анық.

Жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл

Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде елдің басына түскен ауыртпалыққа назар аудара отырып, «...қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деп айтты. Осы тілсіз жаумен арпалысып жүрген дәрігерлер қауымының өлшеусіз еңбегін атай отырып, оларға Үкімет тарапынан беріліп жатқан ерекше қолдау, елдегі коронавирус жағдайында қозғалған мәселелер мен оны шешу жолдары тілге тиек етілді.

Әр нәрсенің бір қайыры болады, осы ізгі хабардан кейін ел арқасы бір кеңіп қалғандай әсер қалдырды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып осы мәлімдемедегі Президент айтқан талаптар мен қарапайым ережелерді бұлжытпай орындап, қатерден аман шығу барша азаматтың өз қолында. Сол себепті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отыра, Президент Үндеуін шамшырақ қылып ұстап, қиындықты бірлесе жеңіп шығатынымызға сеніміміз мол.

 

Бауыржан ЫДЫРЫСОВ,

Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, тарих магистрі