19 Қыркүйек, 2013

Аймақаралық ынтымақтастық арта түседі

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Ресей Федера­ция­сы Курск облысының губернаторы Александр Михайлов Курск иініндегі ұрысқа қатысқан 16 аста­на­лық ардагерге осы тарихи шай­қастың 70 жылдығына байланысты естелік белгі тапсырды.

Жалпы, КурскшайқасынаҚа­зақ­­стандажасақталған 72 және 73-ші­ гвардиялық, 8 және 387-шіат­қыш­тардивизиялары, сондай-ақке­ңестікармияныңбасқадаәс­ке­рибөлімдеріндегімыңдағанотандастарымызқатысқан.

Бүгінгі күні республикада Курск шайқасына қатысқан 355 ардагер болса, олардың 31-і Астана қаласында тұрады.

Қазір елордада 271 ҰОС ардагері тіркелген.

Кеше Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Ресей Федера­ция­сы Курск облысының губернаторы Александр Михайлов Курск иініндегі ұрысқа қатысқан 16 аста­на­лық ардагерге осы тарихи шай­қастың 70 жылдығына байланысты естелік белгі тапсырды.

Жалпы, КурскшайқасынаҚа­зақ­­стандажасақталған 72 және 73-ші­ гвардиялық, 8 және 387-шіат­қыш­тардивизиялары, сондай-ақке­ңестікармияныңбасқадаәс­ке­рибөлімдеріндегімыңдағанотандастарымызқатысқан.

Бүгінгі күні республикада Курск шайқасына қатысқан 355 ардагер болса, олардың 31-і Астана қаласында тұрады.

Қазір елордада 271 ҰОС ардагері тіркелген.Ай сайын оларға тұрғын үйлерінің шаршы метріне байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейін (8 655 пен 13 848 теңге аралығы) әлеуметтік көмек көрсетіліп тұрады. Жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу үшін бір реттік 6 228 теңге көлемінде ақшалай жәрдем беріледі.

Бұдан басқа еліміздің бас қаласында ҰОС қатысушылары мен мүгедектері қалалық қоғам­дық көлікпен тегін жүріп, тіс про­тезін салдыру, шипажайларға барып емделу, дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету қызметтерін тегін пайдаланады. Астана қаласының медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының ұсынысы бойынша, ҰОС мүгедектері бе­сік-арбалармен, сурдо және тифло­құрылғылармен толық көлемде қамтамасыз етіліп, оларға протез-ортопедиялық көмек пен протездік-ортопедиялық бұйымдар, міндетті гигиеналық заттар тегін беріледі.

Биылғы Жеңіс күнінің қарса­ңын­да ҰОС-қа қатысушылар мен мүгедектер үшін жергілікті бюджеттен әр адамға 150 000 теңгеден бірмезгілдік материалдық көмек көрсетілсе, алдағы Қарттар күнінде оларға 3000 теңге көлемінде әлеу­меттік көмек көрсету жоспарлану­да.

Курск шайқасы 1941-1945 жыл­дарғы Ұлы Отан соғысындағы шешуші ұрыстардың бірі болды. Ол тарихқа «танктер шайқасы» деген атаумен енді.

Осы күні И.Тасмағамбетов пен А.Михайлов Қазақстан астанасы әкімдігі мен Курск облысы әкімшілігінің арасындағы Ниет­тестік туралы хаттамаға қол қойды.

Аталған құжат тең дәрежелі әріптестік, өзара сенім мен тиім­ділік негізінде сауда-саттық, эко­номикалық, ғылыми-техника­лық және гуманитарлық-мәде­ни байланыс саласындағы ынты­мақтастықты дамытып, кеңейте түсуге бағытталған.

Әсіресе, тараптар кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға мүдделілік танытып, Курск облысы мен Астанада бизнес-кездесулер, тұсаукесерлер, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырып, өткізуге қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім жасасты.

Курск облысының делегация­сы Астанада ресми сапармен қыркүйектің 19-ына дейін болады. Оның құрамында мемлекеттік органдар мен ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары­ның басшылары, мәдениет, ғылым мен білім беру саласының қайраткерлері бар.

Сапар барысында делегация Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, сондай-ақ Опера және балет теа­тры, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлттық ана мен бала орталығы, Оқушылар сарайы, «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі сияқты көрнекті жерлер­ді аралайды.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар