Президент • 29 Сәуір, 2020

Президент Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президент Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы

 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Респуб­ли­касында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Рес­публикасы Прези­дентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлы­ғымен енгізілген Қазақстан Рес­пуб­ликасының барлық ау­мағын­дағы төтенше жағ­дайдың қол­данысы 2020 жылғы 11 мамыр­дағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартыл­сын.

2. Қазақстан Респуб­лика­­сының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік орган­дармен бірлесіп, осы Жар­лықтан туындайтын қажетті шараларды қабыл­дасын.

3. Осы Жарлық қол қо­йыл­ған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2020 жылғы 29 сәуір 

№310