Дала алтын күз келгенде бұрынғыдан да сұлулана түсетін секілді. Мұны Шолақсай ауылындағылардың барлығы да байқайды. Торғай ойпатының етегінде жатқандықтан Шолақсайда облыстың солтүстік аудандарына қарағанда қардың көбесі ерте сөгіліп, топырақ ерте жыли бастайды, жаңбыр жауса топырақ ерте кеуіп кетеді. Сондықтан, дән уақытылы егілмесе немесе піскен егін уақытылы орылмаса арамшөп бидайға бой бермей қаулайды. Күздің әр шолақсайлық үшін әдемілігі неде?
Алтын күз дастарқанына нан мен тұз орап әркімнің алдынан шыққан ана тәрізді екен ғой.
Дала алтын күз келгенде бұрынғыдан да сұлулана түсетін секілді. Мұны Шолақсай ауылындағылардың барлығы да байқайды. Торғай ойпатының етегінде жатқандықтан Шолақсайда облыстың солтүстік аудандарына қарағанда қардың көбесі ерте сөгіліп, топырақ ерте жыли бастайды, жаңбыр жауса топырақ ерте кеуіп кетеді. Сондықтан, дән уақытылы егілмесе немесе піскен егін уақытылы орылмаса арамшөп бидайға бой бермей қаулайды. Күздің әр шолақсайлық үшін әдемілігі неде?
Алтын күз дастарқанына нан мен тұз орап әркімнің алдынан шыққан ана тәрізді екен ғой.Диқан да, механизатор да, малшы да, үлкен де, кіші де күзбен бірге егіннің піскенін, малдың семіргенін, қысқасы, еңбегінің нәтижесін күтеді. Әркімнің жүрегінде бір арман, мақсат. Қазір ауылдарды сол жердегі егін егіп немесе мал өсіріп отырған шаруашылықтар ұстап отыр.
Көктемде «Шолақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 18 мың гектар жерге бидай егеді. Оны жабылып жүріп жинап алса, ол жұмыс та, қаржы да, нан да болады. Сондықтан әр шолақсайлықтың күзден күтері көп. Соның бірі – механизатор Мырзаболат Есжанов. «Шолақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2001 жылдан бастап алдымен жұмысшы болып орналасқан еді. Өзі осы ауылдың тумасы. Мектепті бітірген соң сыныптастары секілді оқу іздеп сыртқа кеткен жоқ. Ауылда қалды. Ұл баланың техникаға бейім болатын әдеті емес пе, Мырзаболат та шаруашылықтың машина-трактор паркіндегі техникаларды айналдырды. Қыс бойы жөндеуге атсалысады, слесарь болып істеді. Шаруашылық жыл сайын техника жаңартуға талпынып отырды.
Соңғы жылдары су жаңа «Енисей», «Есіл» комбайндары егін орып жүр. Бидайдың дәнін жоғалтпай таза жинайды және сабанын турап, майдалап шашып кетеді. Нөлдік технологияның бір элементі осы, алқапқа даладан тыңайтқыш іздеудің қажеті жоқ. Мырзаболаттың күз келгенде комбайнға отырсам деген арманы болатын. Жыл құстарын көзімен ұзатып салғандай, соңғы жылдары Мырзаболат әр күзді осы арманымен шығарып салатын. Биыл ұсыныс шаруашылық басшысы Мәди Ихтиляповтың өзінен болды.
«Мырзаболат, сен жаңа «Енисейге» отырсаңшы. Қанша жыл техниканың арасында жүрсің, дөңгелетіп алып кететініңе сенемін» дейді ғой Мәди Өмірзақұлы. Жас жігіттің күткені де осы еді, қуана келісті. Алқапта кемедей жүзіп жүрген бес-алты комбайнның алдындағы «Енисей» кабинасында Мырзаболат отыр. Белуарға жақын өскен бидайды ұстарадай сыпырып келе жатқан комбайн қасымызға келіп тоқтады. Жас жігіт жұмыстың қызығына түскен секілді. Бір күнде 30 гектардан астам жердің бидайын орады екен. Бұл шаруашылықтағы бұрыннан келе жатқан комбайншылардан аздау болса да, жаман көрсеткіш емес. Шаруашылық қазір барлық алқаптың 70 пайызын орып, қырманға жеткізді.
Астық жинауға биыл бірінші рет шықтым. Өзіме комбайнмен астық орған өте ұнайды. Мәдекең маған алдымен «Беларусь» тракторын берген болатын. Солай «шыңдап» алып, сосын ораққа салды ғой. Ауа райы болып тұрса мынандай комбайнмен көп ұзатпай астықты жинап аламыз, дейді Мырзаболат. Жас отбасының қуанышы да осы астық. Табыстың да шекесі қылтиып тұр. Шаруашылық биыл гектарына 8,2 центнерден айналдырып отыр. Ал өткен жылы көктен нәр тамбағанда гектарынан 3 центнерден алған болатын. Соның өзінде шаруашылық басшысы астық жинаушылардың ақысын ренжітпей, күніне 12 мың теңгеден төлеген еді.
– Астықтың шықпай қалғанына комбайншылар кінәлі емес. Қаржының жеткенінше еңбек адамына ақысын төледім. Өйткені, ауылдағы механизаторлардың барлығы да кәнігі мамандар. Ең бастысы, олар – ауылдастарым, барлығының да бала-шағасы бар. Аз астықтың түсімін осылай бөліскеніміз рас. Биыл астықтың түсімі орташа болғанымен қанағаттанарлық, механизаторлардың айлық жалақылары жаман болмайд