Спорт • 30 Сәуір, 2020

Марк-Андре тер Штеген 28 жасқа толды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Германия ұлттық құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген бүгін 28 жасқа толды.

Марк-Андре тер Штеген 28 жасқа толды

Марк-Андре 1992 жылдың 30 сәуірінде Менхенгладбах қаласында дүниеге келді. Төрт жастан асқан шағында жергілікті мектептердің бірінде футболмен айналыса бастады. 2011 жылы «Боруссияның» жейдесін киді. Арада үш жыл өткеннен соң «Барселонаға» ауысты. Сол кезден бері католониялық клубтың сапында өнер көрсетуде.